Қалалық қоғамдық-саяси газет

Футбол алаңшасы пайдалануға берілді

0 136

Салауаттылық – өмір салтымыз

Түрксіб ауылында кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді

Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің барлығын жасауда.

Спорт – адамзат өміріне алапат күш сыйлап, тәнге қуат, жанға мықты рух сыйлайтын қастерлі дүние. Сондықтан сергек болудың, сау болудың бірден-бір жолы – спортпен шұғылдану.

Салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты спортпен және дене шынықтырумен белсенді шұғылдануға тарту – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Жастардың, бүкіл ұлттың денсаулығы, еліміздің қуаты көп жағдайда оның табысты түрде жүзеге асуына байланысты.

Ауданымызда спортқа ден қойған азаматтардың саны жыл сайын артып келеді. Соның бір айғағы ауданымызда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың саны 35 мыңға жетті.

Ауданда бұқаралық спортты дамытуға үлкен мән беріліп, 172 спорт нысаны жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Ағымдағы жылы Сұлутөр ауылында спорт кешені пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 4 елді мекенде спорт кешендерін пайдалануңа беру жоспарлануда. Сонымен қатар келесі жылы Бесағаш ауылында спорт кешенінің құрылысы аяқталатын болады.

Осындай жағымды жаңалықтың бірі – дүйсенбі күні Түрксіб ауылында кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді. Конституция күніне орай ел игілігіне беріліп жатқан кіші футбол алаңының ашылуылу салтанатына арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова Түрксіб ауылы тұрғындарының және спортқа ден қойған жас жеткіншектердің қуанышты сәттерімен бөлісті.

– Бүгін жергілікті бюджет есебінен бой көтерген балалар ойывн алаңы мен кіші футбол алаңы жасөспірімдер мен жастардың игілігіне қызмет етпек. Келешекте көк Туымызды биікте желбірететін даңқты спортшылар осы жерден шығуына тілектеспін, – деді өз сөзінде Махпал Сатыбалдықызы.

Сөз кезегін жалғаған  ауыл ақсақалы Болат Айдарбеков жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына үлкен қолдау көрсеткен аудан әкімшілігіне алғысын айтып, бата қайырды.

Ізгі тілектерден кейін аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова мен ауыл қариясы спорт алаңшасының кермесін қиып, жасөспірімдердің кіші футболдан ойындарын тамашалады.

Мақсат Жұмабаев

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.