Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жыл ішінде 48 жоба жүзеге асады

0 1  094

Күні кеше «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.

Отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері қоқыс өңдеу зауытын, кәріз-тазарту құрылыстарын салу бойынша жобаларды таныстырды. Аймақ басшысы өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде хабарлап, әлеуетті инвесторлар үшін ынталандырулар мен преференциялар туралы айтып берді.
Келіссөздер бойынша салалық басқармаларға ұсынылған жобаларды жан-жақты зерделеу тапсырылды.
Басқосу барысында Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков инвестиция тарту жұмыстары бойынша есеп берді.
Ауданда 2023 жылдың жартыжылдығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 35 031,9 миллиард теңгені, нақты көлем индексі 295,3 пайызды құраған.
Шу ауданын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жоспары аясында 1 114 жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы көлемі 259,4 млрд теңгеге 129 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде жалпы көлемі 1388,5 миллион теңгеге 48 жоба биылғы жылы қызмет көрсету, өңдеу өнеркәсібі және тамақ өнеркәсібі салаларында іске қосылмақ. Осының арқасында 156 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Айталық, бүгінде контейнерлер өндіру, құс фабрикасы, жол бойындағы сервис нысандарын салу жөніндегі жобалар бойынша инвесторлармен келіссөздер жүруде.
Баяндамашы ірі жобалар ретінде «Қазақмыс кор-порациясы» ЖШС жаңа Шатыркөл-Жайсаң кең байыту зауытын іске қосу, «ZHANASHYR PROJECT» ЖШС-нің Жайсаң мыс кен орнын өнеркәсіптік игеру, «Alstom Kazakhstan» ЖШС теміржол жылжымалы құрамын жөндеу және техникалық қыз-мет көрсету бойынша жобалар-ды атап өтті.
Сондай-ақ «Kazakh Invest» АҚ облыстық филиалының директоры Арнольд Геринг, «Тараз химиялық паркі» АЭА басқарма төрағасы Қайрат Мұхамедқалиев баяндама жасады.
Аймақ басшысы өз кезегінде бірқатар мәселелер бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. Нақты айтқанда, салалық басқармаларға инвестициялар тарту саласында жаңа тәсілдерді әзірлеу, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, аудан әкімдеріне инвестициялық стратегияны әзірлеу және инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі процесін жеке бақылауда ұстау міндеттері жүктелді.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.