Қалалық қоғамдық-саяси газет

Журналистер одағының Жамбыл облыстық филиалына жаңа төраға сайланды

0 573

Белгілі журналист, жазушы Жаңабай Миллионов журналистер одағының Жамбыл облыстық филиалының жаңа төрағасы болып сайланды.

Жаңабай Миллионов  1952 жылы 27 наурызда Сарысу ауданы, Өндіріс ауылында туған. Белгілі журналист және қоғам қайраткері.

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, халықаралық Қонаев қорының Жамбыл облысындағы басқармасы төрағасының орынбасары. Оның «Шоқай Датқа» тарихи танымдық жинағы және «Парасат пен пайым» кітабы жарық көрген. Бірнеше шығармалары ұжымдық кітаптарға енген.

  • Еңбек жолын 1969 жылы қыркүйек айында Сарысу аудандық «Октябрь таңы» (Қазіргі «Сарысу») газетінде тілші болып бастаған.
  • Коммунар кеңшарының комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет атқарған.
  • 1974-1987 жылдары Жамбыл облыстық «Еңбек Туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде тілші, аға тілші, өнеркәсіп, құрылыс және транспорт бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
  • 1987-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Сарысу аудандық комитеті идеология бөлімінің меңгерушісі болды және екі рет Сарысу аудандық кеңесінің депутаты болып сайланды. Осы қызметте жүргенінде сол кездегі Сарысу ауданының орталығы болған Байқадам ауылына оның тарихи Саудакентатауының қайтарылуына ықпал етті. Ауданның мәдени-рухани дамуына жанашырлықпен үлес қосты.
  • 1991-1997 жылдары Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің Сарысу және Талас ауданындағы меншікті тілшісі болды.
  • 1997 жылдан бастап Сарысу аудандық «Сарысу» газетінің бас редакторы болып үздіксіз 13 жыл жемісті еңбек етті. Осы жылдарда шықпай қалған газетті қайтадан қалпына келтірді, оның полиграфиялық базасын бүтіндей қайтадан жаңғыртты. Жаңа заманға сай баспахана құрастырды.
  • 2010 жылы Жамбыл облыстық Мемлекеттік тілдерді оқыту орталығының директоры болып тағайындалды.
  • 2013 жылдың маусымынан бері қарай Жамбыл облысының ардагерлеріне арналған «Ғұмыр-Дария» газетінің директоры — бас — редакторы. Алғашында 1000 данамен жарық көрген газет бүгінде облыс көлеміне 5500 данамен тарап, аға буын өкілдерінің рухани қажеттіліктерін өтеуде.

Марапаттары

  • Журналист ретінде оның шығармашылығы облыс әкімінің сыйлығымен аталып өтті.
  • 2005 жылы республиканың бірқатар өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілері қатарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болды. Сол жылы шығармашылық зор жетістіктері үшін және Тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан еңбегі бағаланып Елбасы Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
  • Жаңабай Миллионовтың әр жылдардағы қоғамдық және кәсіби қызметі лайықты бағасын алып, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс Хатымен,
  • екі мәрте Жамбыл облысы әкімінің Құрмет Грамотасымен,
  • Жамбыл облыстық Мәслихатының Грамотасымен марапатталды.
  • 2018 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері атанды.
  • 2019 жылы «Қазақ Журналистикасының қайраткері» атағын иеленіп, төсбелгісімен марапатталды

Шығармалары

Сарысу аудандық газетінің бас редакторы бола жүріп облыстың және ауданның қоғамдық, рухани-мәдени өміріне белсене қатысты.

  • ХІХ ғасырда Қаратау өңірінде өмір сүрген тарихи тұлға Шоқай датқаҚарабекұлы жайлы кітап құрастырып басып, оының тарихи еңбегін жарыққа шығарды, Шоқай Датқаның тікелей ұрпағы Серік Аппасовпен бірлесе отырып Шоқай Датқа қорын құрды, қабырғалы қайраткердің кесенесі жанынан оның еңселі ескерткішін тұрғызуға бастамашы болды.
  • Шоқай Датқа туралы кейінірек тарихи еңбек жазды. 2012 жылы «Парасат пен Пайым» кітабын жарыққа шығарды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.