Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

0 179
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ибраимов Ернар Таласбекұлы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ибраимов Ернар Таласбекұлы 1984 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «дене шынықтыру және спорт», «Қаржы және қаржы құқығы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы «КазХолодМаш» ЖШС-нің қаржы директоры болып бастаған.
Еңбек жолында Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және бақылау инспекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және бақылау инспекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервті даярлау орталығы» КММ-нің директоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-нің директоры, «Республикалық спорт колледжі» РМҚК-ның директоры қызметтерін атқарған.
2022 жылғы шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін «К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-нің директоры лауазымында қызмет атқарып келді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.