Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жоспарланған жұмыс жемісін береді

0 1  479

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте 2024 жылғы қаңтар айының қорытындысы мен шаһар бюджетінің болжамды орындалуы қаралды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу конкурсының өту барысы талқыға түсті.

Ең әуелі сөз алған Тараз қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Абылайхан Умирбаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың 1 ақпанына шаһар бюджетінің кіріс бөлігінің болжамды орындалуы 287,4 пайызды құраған.
Үстіміздегі жылдың 30 қаңтарына қала бюджетінің шығыс бөлігінің игерілуі – 92,6 пайыз.
Қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаевтың айтуынша, ағымдағы жылы Тараз қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде екен. Қала әкімі Бақытжан Әмірбекұлы осы жобалар бойынша жауапты мамандардан жеке-жеке жауап алып, мемлекеттік сатып алу конкурсына атүсті қарауға болмайтындығын қатаң ескертті.
Аппараттық кеңесте бұдан бөлек, округтердегі тазалық, заңсыз дүңгіршектерді орналастырмау, тал-дарақтарды бұтау, жас өскіндер отырғызу және биылға жоспарланған құрылыс жұмыстарын жіті қадағаға алу сынды мәселелер де қаралып, сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.
Қала әкімі Бақытжан Орынбеков жиын соңында жоспарланған жұмыс жүйелі жасалса ғана жемісін беретінін бөлім басшыларының есіне салды.

Саян Тілеужан

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.