Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жоғалған ер адам өлі табылды

0 535

Павлодарда 22 қаңтарда жоғалып кеткен жергілікті тұрғын Роман Малахов өлі табылды.

Ол 22 қаңтарда таңертең шамамен сағат онның кезінде белгісіз бағытта үйінен шығып кетіп, оралмаған. Анасы 35 жастағы ұлының қайда жүргенін анықтау туралы өтінішпен жүгінді. Бірнеше сағаттан кейін Vita волонтерлері әлеуметтік желілерде ер адамға іздеу жариялаған.

Полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер бірлесіп көшелер мен кіреберістерді, құдықтар мен қараусыз қалған үйлерді, сауда орталықтары мен құрылысы аяқталмаған ғимараттарды тексерді. Іздеу шаралары бір тәулік бойы жалғасты.

 «23 қаңтар күні сағат 16:00-де Ертіс өзенінің жағасында сыртқы зорлық белгілері жоқ ер адамның денесі табылды. Аталмыш дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды», – делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, ол қатты аязда үсіп қалған.

Павлодар-онлайн

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.