Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жетістікке бастайтын жеті серпін

0 236

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасында партия төңірегіне жастарды біріктіру, білім саласындағы жемқорлық, баспана алу және т.б. өзекті мәселелерді партияның тарапынан бақылауға алуды тапсырды.

Жұмыссыз және оқумен қамтылмаған жастарға қолайлы жағдай жасап, олардың санын азайтуға жүйелі түрде жұмыс жүргізу, дуальды және кәсіби мамандықтарға білім алуды жандандыру мәселесін де көтерді.

Осы бағыттағы жұмыстардың аясында елімізде тұңғыш рет праймериз форматындағы ішкі іріктеу басталып, партияның Төрағасы Н.Назарбаев: «Бүкіл еліміз бойынша ауқымды праймериз өткізу биліктегі партияның «қайта жаңғыруының» нәтижесі болады», – деген болатын. Сондай-ақ Н.Ә.Назарбаев партияның белсенді мүшелерін топтастыру, жемқорлықпен күресті күшейту және партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдауды, барлық деңгейде партия органдарының әлеуетін мейлінше жүзеге асыруды, биліктің барлық деңгейінде партиялық жауапкершілікті арттыруды тапсырды. Бұл бағдарлама халықтың бастауыш партияға деген сенімін нығайта түсті.

Тараз қалалық «Ұлан» бастауыш партия ұйымына 26 мекемеден 251 адам тіркелген. Дөңгелек үстелдер, талқылаулар, т.б. іс-шаралар күн тәртібіне орай үздіксіз өткізіліп келеді.

Тұңғыш Президентіміздің тапсырмасы негізінде «Nur Otan» праймеризі бастау алып, қоғамда өз көзқарасы қалыптасқан, азаматтық ұстанымы берік, ел тағдырына жанашыр азаматтарды іріктеу жүргізілген болатын. Мұндағы мақсат – қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған белсенді партия көшбасшыларын анықтау. Бұл орайда «Nur Otan» партиясы өзінің қатарын шынайы халықшыл, отаншыл, елге жаны ашитын азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көзқарасты саясаткерлердің пайда болуына толық мүмкіндік туғызды.

Айта кету керек, жер-жаһанды жайлаған індет мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріне айтарлықтай залал келтірді. Осы орайда «Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік хал-жағдайын қолдауда ұтымды бас-тамаларды қолға алып, ел игілігі жолында аянбай қызмет етті. Бұл игі бастамалар әлі де жалғасын табады деген сенімдеміз.

Эльмира АБДИНОВА, Тараз қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.