Қалалық қоғамдық-саяси газет

Желтоқсан көшесіндегі жүйелі жұмыс

0 272

Қазіргі таңда Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Әсіресе тұрғындар көп шоғырланған көшелерге асфальт төселіп, жаңаша кейіпке енуде. Экономиканың қозғаушы күші саналатын жол құрылысы қала әкімі Бақытжан Орынбековтің де жіті назарында. Әрине, сапалы жол шаһарға келетін туристердің де қарасын молайтары сөзсіз.

Бүгінде Желтоқсан көшесін-дегі жол жөндеу жұмыстары көз сүйсінтіп, көңіл қуантуда. Төле би даңғылынан бастап Сүлейменов көшесіне дейінгі аралықтағы құрылыс алаңында қазіргі таңда жол негіздемесі дайындалып, жаяу жүргіншілер жолына асфальт төселуде.
Ұзындығы 416 метрді құрайтын жолдың құрылыс жұмыстарын «B grass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Техникалық қадағалаушы – «АКГЕМ СТРОЙ» ЖШС.
Бүгінгі күні мұнда 7 техника мен 20-ға жуық жұмысшы еңбек етуде.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.