Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жедел жәрдем жүргізушісін аямай соққыға жыққан ер адамның бейнесі тарады (ВИДЕО)

0 1  177

Ақмола облысында бейтаныс ер адам жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады.

Әлеуметтік желіде тараған бейне жазба бойынша оқиға 10 ақпан күні Щучье қаласында жедел жәрдем көлігіне жанармай құю кезінде болыпты. Бейнеден жүргізуші мен бейтаныс ер адамның қақтығысынан фельдшер оларды ажыратпақ болғанын көруге болады.

Ақмола облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

Ақмола облысының полиция департаменті Щучье қаласындағы жанармай құю бекетінде жедел жәрдем жүргізушісінің денесін жарақаттаған ер адамды анықтады. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

bugin.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.