Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қорқор тартып, қор болма!

0 2  760

Таразда полиция қызметкерлері бейнеоператорлармен бірге кальян сататын орындар, кафе мен барларға рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Екі күн ішінде темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салу талаптарын бұзған 27 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұзушылық деректері «MUSETTI», «LORD», «MATADOR», «BarBQ», «SKY LOUNGE», «Bult», «Жаным Сол», «Мята», «С Кайфом», «МANSARD», «PABLO» көңіл көтеру орындарында анықталды.
Әкімшілік хаттамалар мекеме иелеріне, сондай-ақ олардың қонақтарына қатысты толтырылды.
Келушілерден тамақ пен сусындармен бірге кальяндарға тапсырыс берген төлем шоттары тәркіленді.
Жасыратыны жоқ, кальян үшін полицейлер салған айыппұлдар ойын-сауық иелерін қорқытпайды. Мұндай рейдтерден кейін олар біраз уақытқа дейін тынышталып, содан кейін қайтадан сата бастайды. Сондықтан полицейлерге енді күн сайын тексеруге тура келеді.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынатыны, вейптер мен электронды темекілердің таралуы бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы нормаларды түсіндірді.
Ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап Жамбыл облысының полиция департаменті вейптерді сатқаны үшін 3 қылмыстық іс қозғады.
– Кальяндар мен вейптерді ересектер ғана емес, өкінішке орай, жастар арасында да өте жиі қолданады. Сондықтан ойын-сауық орындары тыйым салынған заттардан бас тарта алмай, заңсыз жұмыс істеуде. Олар тек табысты ғана ойлайды, ал адамдардың денсаулығына келетін қауіпті ойламайды. Бұл мәселеде екі тарап та өз жауапкершіліктерін түсінуі қажет. Сондай-ақ темекі өнімдерінің айналымына тыйым салуға қатысты соңғы өзгерістерді ескере отырып, біз осы бағытта күшейтілген жұмысты жалғастыратын боламыз, – деді Жамбыл облысының ПД бастығы Арманбек Баймурзин.

Айдар Айнабала

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.