Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жедел жәрдем көлігін сыйлады

0 286

Kaspi. kz пандемия кезінде вируспен күресіп жатқан ауруханаларға 100 жедел жәрдем көлігін сыйға тартады. Ауруханалардың жедел бригадаларына (ауырлығы 4 санаттағы жедел медициналық шақырулар) арналған арнайы санитарлық автокөлікті отандық автоөндіруші «СарыарқаАвтоПром» Chevrolet Damas үлгісінің базасында және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің техникалық ұсыныстарына сай жасаған.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, суреттерді түсірген Сәкен АБЖАПАРОВ

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ел аумағында күн сайын 1400 бригада медициналық жедел жәрдем қызмет көрсетеді, олар кемінде 26 000 шақыру қабылдайды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл жедел жәрдем қызметі мен қазіргі инфрақұрылым үшін айтарлықтай салмақ түсіріп тұр. Жамбыл облысына аталмыш жедел жәрдем көлігінің 10 бірлігі жеткізілді. Chevrolet Damas моделіне негізделген он автомобильдің ерекшелігі – ішіндегі жабдықтардың қолайлы әрі шағын болуында. Көлікте өкпенің жасанды желдеткіш аппараты орналастырылған.

– Бүгін «Kaspi Bank» АҚ және «СарыарқаАвтоПром» компаниясынан демеушілік көмек ретінде 10 бірлік жедел жәрдем көлігі жеткізілді. Бұл көлік науқастарға жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған. Жақын арада тағы 18 көлік келеді деп жос-парланып отыр. Автокөліктерде алғашқы көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдай бар. IVL аппараты және дефибриллятор орналастырылған. Көліктер облыстық жедел жәрдем станциясына жіберіліп, содан кейін қажеттілік деңгейіне сәйкес облыстық және қалалық қосалқы станцияларда таратылады. Автокөлік паркін толтыру мамандардың жүктемелерін азайтады және науқастарға тезірек көмектеседі, – дейді Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

Айта кету керек, көліктің шағын болуына қарамастан, ересек адам мен екі фельдшер оған оңай сыяды.
– Көлік өте ыңғайлы. Зембілдер туралы айтатын болсақ, олар өте жеңіл, бұл жедел жәрдем үшін өте маңызды. Онда импульстік оксиметр, жеңіл және ықшам вентилятор, дефибриллятор және портативті электрокардиограф бар. Бізге осы көліктің берілгеніне өте қуаныштымыз және фельдшерлер атынан көрсетілген көмек үшін ризашылығымды білдіргім келеді, – деді фельдшер Вероника Моисеева.

Бригадалардың жұмысындағы ең маңызды нәрсе – оперативті іс-қимыл. Кейбір кездерде әдеттегіден екі есе көп автокөлік бар бола тұра қажетті мекенжайға тез жету қиынға соғады. Жүргізушілер жаңа көліктер науқасқа тезірек жетуге көмектесіп қана қоймай, жанармай шығынын азайтуға мүмкіндік береді, ал қосалқы бөлшектер бұзылған жағдайда оңай табуға болады дейді.

Көлікте өкпенің жасанды желдеткіш аппараты орналастырылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.