Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Алғыс арқалаған Ассамблея өкілдері

0 630

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Бұл бағытта Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарған шаруалары аз емес.

Атап айтқанда, өңірлік Ассамблея өткен жылдың алғашқы айын Шу аудандық түрік этномәдени бірлестігі Қонаев ауылының 5 жасар тұрғынының операциясына 100 мың теңгеге және Тараз қаласының өзбек мәдени орталығы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 25 отбасына және Т.Рысқұлов аудандық этномәдени бірлестіктері аз қамтылған 10 отбасына 300 мың теңгеге азық-түлік себеттерін сыйлаудан бастап, ақпан айында Шу аудандық түрік этномәдени бірлестігі Қонаев ауылының аз қамтылған 5 отбасына 400 мың теңгеге қайырымдылық көмек жасалды. Сонымен бірге 2024 жылы 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Қоржын» акциясы аясында облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктер әлеуметтік осал топтағы 200 отбасына 4 миллион 500 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Бәрімізге мәлім, бүгінгі таңда Қазақстанның этносаралық саясаты әлемге үлгі болып отыр. Әлем қауымдастығы да жоғары бағалауда. Әсіресе ұйым жанынан құрылған ерікті жастар қозғалысының қоғамға тигізіп келе жатқан пайдасы зор. Соңғы жылдың ішінде ғана ауыз толтырып айтарлық жұмыстарды жүзеге асырған Тараз қаласының «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі тиімді тіршілігімен көпшіліктің алғысына бөленіп келеді. Алғыс арқалаған өңірлік «Ассамблея жастары» өткен жылы «Ерікті донор» қайырымдылық акциясы аясында Тараз қалалық Қан орталығына барып, қан тапсырып, Ассамблея өкілі Хамида Турдыеваның бастауымен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 10 отбасына азық-түлік себетін таратты.

Сондай-ақ аналар мерекесіне орай өзбек этномәдени бірлестігі әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және І-ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі қолөнер шеберлеріне көмек ретінде 200 мың теңгеге 10 азық-түлік себетін, ал Наурыз мейрамының жаңа тұжырымдамасына сәйкес 15 наурыз –қайырымдылық күніне орай «Вынхуа» дүнгендер қоғамдық бірлестігі Қордай ауданындағы аз қамтылған, көпбалалы 200 отбасына 4 миллион 400 мың теңгеге ұн және 90 отбасының балаларына 2 миллион 700 мың теңгеге киім-кешектер және түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Аббосов әлеуметтік осал топтағы 40 отбасына 500 мың теңгеден аса азық-түлік қорабын, ұн қаптарын таратқан болатын.

Сонымен бірге Қордай ауданы «Әлжан ана» тарихи музейінде еліміздің даңқты перзенті, қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа, Қордай ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі Эйвас Замановқа арналған еске алу бұрышы ашылып, ҚХА мүшесі, меценат Татьяна Апаева және аудандық мәслихат депутаты Эльдар Апаев 2 миллион теңгеге музейге қосымша қажетті үстел, тақтайша орындық қатарлы жабдықтарды сыйға тартқан болатын.

Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылдың 2 тоқсанында «Жүректен жүрекке», «Ізгілік айы», «Күшіміз бірлікте», «Бар жақсымыз – балаға» акцияларын және Құрбан айт мейрамына орай қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.

Айталық, сәуір айында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жанынан арнайы штаб құрылып, ҚХА мүшелері, ҚХА меценаттары, облыстық этномәдени бірлестік өкілдері, Аналар кеңесінің, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен су басқан аймақтарға гуманитарлық көмек екі жүк көлігіне тиеліп, су басқан аймақтарға жөнелтті. Атап айтқанда, түрік этномәдени бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы 2 жүк көлiгiнің бару-қайту шығындарын (600 мың теңге) өз мойнына алса 4 150 000 теңге сомасына гуманитарлық көмек (азық-түлiк өнiмдерi, матрастар, жастықтар, жаялықтар,) «DATUB» республикалық қорының шотына 5 миллион теңге аударды. Ал облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Г.Умаров 200 мың теңгеге көкөністер, татар және башқұрт этномәдени бірлестігі 50 мың теңгеге 20 дана жаңа көрпе, қарашай-балқар этномәдени бірлестігі 150 мың теңгеге азық-түлік, грек этномәдени бірлестігі 400 мың теңгеге азық-түлік, дәрі-дәрмек, гигиеналық құралдар, киім-кешек, ұйғыр этномәдени бірлестігі 1 миллион 500 мың, еврей этномәдени бірлестігі 250 мың, қырғыз этномәдени бірлестігі 3 миллион теңгеге азық-түлік өнімдері, жаңа киім-кешек, тұрмыстық керек-жарақтар, әзірбайжан этномәдени бірлестігі 300 мың теңгеге азық-түлікпен көмек көрсетсе, өңірлік «Ассамблея жастары» жалпы көлемі 7 миллион 900 мың теңгеге гуманитарлық көмек жинады.

Сонымен қатар өзбек этномәдени орталығы 750 мың теңге, тәжік этномәдени бірлестігі 50 мың теңге және облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А. Сейілхан 30 мың теңге көлемінде ҚХА қорына қаржылай қаражат аударса республикалық дүнгендер орталығы және облыстық дүнген этномәдени бірлестігінің өкілдері бірлесе Ақтөбе қаласы 2 жүк көлігімен 9 миллион 500 мың теңгеге гуманитарлық көмек жөнелтті.

Ал Шу аудандық ұйғыр этномәдени орталығы жастар қанаты 10 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетсе Қордай аудандық дүнген этносының өкілдері 10 миллион теңгеге су басқан аймақтарға азық-түлік, тұрмыстық заттар, гигиеналық құралдар, еңбекке қажетті құрал-саймандар (күрек, арба, қап) және тағы басқа да қажетті заттарды жіберді.

Дәл осы сауапты шараға Тараз қаласының тұрғындары да белсене қатысып 2 миллион 600 мың теңгеге азық-түлік, гигиеналық құралдармен көмек көрсетті. Оның ішінде облыстық жастар ресурстық орталығы, «AMANAT» партиясының мүшелері, білім беру кәсіподағы, облыстық А.Тоқпанов атындағы драма театрының ұжымы белсене атсалысты.

Сондай-ақ өткен жылы Қасиетті Рамазан айында облыстық Өзбек этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесі арнайы балалармен жұмыс істеу мектеп-интернаты тәрбиеленушілеріне ауызашар қайырымдылық дастарханын жайып көпшіліктің алқауына бөленген болатын.

Сонымен қатар өткен жылдың мамыр айында Жуалы аудандық этномәдени бірлестік мүшелері тыл ардагерлері мен жалғызбасты қарттарға 60 мың теңгеге азық-түлік себеттерін сыйлады. Аудандық этномәдени орталықтар және «Ассамблея жастары» Тараз қаласындағы және аудандардағы ҰОС ардагерлеріне азық-түлік себеттері мен тәттілер сыйға тартса 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай облыстық дүнген этномәдени бірлестігі 600 балаға 1 миллион 400 мың теңгеге ойыншықтар, киім-кешек, тәттілер және тағы басқа қажетті жабдықтармен көмек көрсетті. Сонымен бірге барша мұсылман баласы асыға күтетін Құрбан айт мейрамына орай дүнген этномәдени бірлестігі 136 отбасына 5 миллион теңгеге 2 000 кг ет таратты және 1 миллион 700 мың теңгеге жетім балалары бар 38 отбасына қайырымдылық көмек жасалды.

Алғыс арқалаған Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылдың 3 тоқсанында «Мектепке жол» акциясы, «Қамқор» акциясы, 1 қазан Халықаралық қарттар күні, еңбек күні мерекесіне қайырымдылық орай акцияларын ұйымдастырып жалпы есепті мерзімде 62 миллион 500 мың теңгеге 5 370 адамға қайырымдылық жасалды.

Атап айтқанда, шілде айында Шу ауданының меценаттары мен этномәдени бірлестік өкілдері аз қамтылған, тұрмысы төмен, мүгедектігі бар 20 отбасына 1 миллион теңгеге қой етін таратты. Ал Мойынқұм ауданында аудан меценаттары мен этномәдени бірлестік өкілдері бірлесе 500 мың теңгеге аз қамтылған, асыраушысынан айрылған 30 отбасына азық-түлік себеттерін және 25 кг ұн сыйға тартса тамыз айында ҚХА мүшелері, облыстық «Жомарт жан» орталығының өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА меценаттары «Мектепке жол» акциясы аясында дүнген этномәдени бірлестігі 4 миллион теңгеге 200-ге жуық баланы, татар және башқұрт этномәдени бірлестігі 500 мың теңгеге 10 баланы, күрді этномәдени бірлестігі 450 мың теңгеге 20 баланы, поляк этномәдени бірлестігі 250 мың теңгеге 5 баланы, ұйғыр этномәдени бірлестігі 500 мың теңгеге 70 баланы, қырғыз этномәдени бірлестігі 800 мың теңгеге 20 баланы, қарашай-балқар этномәдени бірлестігі 100 мың теңгеге 2 баланы мектеп формасымен, сөмкелермен, спорттық киімдермен, оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар Қордай аудандық «Отечество» славян этномәдени бірлестігі 200 мың теңгеге 4 баланы, Қордай аудандық түрік этномәдени бірлестігі 50 мың теңгеге 2 баланы, Қордай аудандық әзербайжан этномәдени бірлестігі 50 мың теңгеге 2 баланы мектеп формасымен, сөмкелермен, спорттық киімдермен, оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз етті. Жалпы көлемі «Мектепке жол» акциясы аясында 6 миллион 800 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілсе Шу аудандық этномәдени бірлестіктері 220 мың теңгеге көпбалалы, аз қамтылған, асыраушысынан айрылған 11 отбасына азық-түлік себеттерін тарту етті.

Сондай-ақ қыркүйек айында еңбек күніне орай «Жомарт жан» орталығының төрағасы Ж. Аббосов «ТаразКожОбувь» ЖШС-нің ұзақ жылдар бойы қызмет етіп жатқан қызметкерлеріне сыйлықтар сыйлады. Қордай аудандық «Отечество» славян этномәдени бірлестігі өкілдері Қарттар күні қарсаңында этнос қарияларына мерекелік дастархан жайып, сыйлықтар таратса поляк этномәдени бірлестігінің өкілдері облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының 20-ға жуық тәрбиеленушілерімен кездесіп, сыйлықтар сыйға тартты.

Ал өткен жылдың 4 тоқсанында «Мейірімді жүрек» акциясы, «Қамқор» акциясы, 1 қазан Халықаралық қарттар күні, «Рухы мықты жандар» акциясы, «Асарлатып үй салу» акциясы, 25 қазан Республика күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекесіне орай акцияларын ұйымдастырылып ҚХА мүшелері, меценаттар, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері аз қамтылған, көпбалалы, жалғызбасты аналардың 1 000 отбасына 6,5 миллион теңгеге азық-түлік себеттерін, киім-кешек, тұрмыстық техникаларды сыйға тартты және 100 отбасына 3 миллион теңгеге қаржылай көмек көрсетті. Әрі Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Рустам Ташметов аз қамтылған 10 отбасына және әртүрлі топтағы мүгедектігі бар 40 баланы азық-түлік себептері және тәттілер таратып қуантса, өңірде қайырымдылық қызметін іске асырып, деңгейін дамытуға жәрдемдесу мақсатында «Достық керуені» жобасы аясында Талас ауданында мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының 50-ге жуық тәрбиеленушілеріне қайырымдылық шара ұйымдастырылды.

Сонымен қатар қараша айында Тараз қалалық Өзбек орталығы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы 12 отбасына 200 мың теңгеге және Сарысу аудандық этномәдени бірлестік өкілдері аз қамтылған 18 отбасына 540 мың теңгеге азық-түлік себеттерін сыйға тартса желтоқсан айында Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ордабасы» командалық ойынының қазақстандық федерациясы» РҚ, республикалық дүнген этномәдени орталығы, Тараз қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен 4-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында командалық ойын ұйымдастырылды. Ойынға 150-ден астам спортшы қатысып, медальдар мен жаңа жылдық тәттілер жиынтығы табысталды.

Ал Жаңа жыл қарсаңында облыстық мәслихат депутаты, «Жомарт жан» орталығының төрағасы, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Жалил Аббосов ерекше білімді қажет ететін 80-ге жуық балаға 700 мың теңгеге жаңа жылдық сыйлықтар, денсаулықтарын жақсартуға қажетті бұйымдар сыйға тартты.

Сонымен қатар еврей, поляк, әзербайжан этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 200-ге жуық балаға мерекелік кеш ұйымдастырып, 1 миллион теңгеге сыйлықтар, тәттілер, ойыншықтар таратты. Облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы М.Орифовтың Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің 60 баласына мерекелік кеш ұйымдастырып, 360 мың теңгеге тәттілер, ойыншықтар сыйласа Тараз қаласындағы №4 мектеп ұжымына облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Б.Муминов 200 мың теңге, Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы А.Зайнутдинов 100 мың теңге сыйлады. Сонымен қатар аталған мектеп оқушыларына Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің өкілдері 350 мың теңгеге 70 дана жаңа жылдық тәттілер жиынтығын табыстады. Сондай-ақ «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалының төрайымы Ф.Нақыш 400 мың теңгеге татар этносының 80-ге жуық баласына, Жамбыл облыстық «Барбанг» күрді этномәдени бірлестігі 1 млн теңгеге аз қамтылған 100-ге жуық отбасының балаларына жаңа жылдық шырша ұйымдастырып, сыйлықтар таратты.

 Осылайша өткен жылы 294 миллион 170 мың теңгеге 26 380 адамға қайырымдылық көмек көрсеткен Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы 2025 жылыда дәстүрден жаңылмай қайырымдылық шараларын жалғастырып келеді. Айталық, ағымдағы жылдың І тоқсанында «Ерікті донор», 1 наурыз – Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қайырымдылық керуені» акциясы, Наурызнама онкүндігі қарсаңында қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.

Ең әуелі Қордай аудандық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі 25 ақпан депортация күні қарсаңында аз қамтылған 23 отбасына 575 мың теңгеге ет таратса 1 наурыз – Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында «Жомарт жан» орталығымен бірлесе, өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері аудан, ауылдарда және Тараз қаласында 810 отбасына 16 миллион 200 мың теңгеге азық-түлік қоржындарын сыйлады.

Сондай-ақ Наурызнама онкүндігі қарсаңында «Жомарт жан» орталығының «Сыбаға» қайырымдылық акциясы аясында Тараз қаласында аз қамтылған, көпбалалы, аз қамтылған, асыраушысынан айырылған 50 отбасына 1 миллион 250 мың теңгеге азық-түлік қоржындары таратылса, дүнген этномәдени бірлестігі Қордай ауданында 280 отбасына 5 миллион теңгеге, облыстық «Хазар» әзербайжан этномәдени бірлестігі 10 отбасына 250 мың теңгеге, облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі Қордай ауданында 150 отбасына 1,5 миллион теңгеге «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығы 10 отбасына 250 мың теңгеге азық-түлікпен қайырымдылық көмек көрсетті.

Ал облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі Тараз қаласында 100 адамға 80 мың теңгеге құрма мен су, тәттілер таратса «Сыбаға» қайырымдылық акциясы аясында 500 отбасына 8 миллион 330 мың теңгеге қайырымдылық көмек жасалды.

Сонымен қатар облыстық ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері өмірлік қиын жағдайға тап болған, қамқорлықсыз қалған балаларды қолдау орталығына барып, «Айналайын» жобасы аясында қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, балаларға сыйлықтар ұсынса Т.Рысқұлов аудандық шешен этномәдени бірлестігінің өкілі Ахаев Сейт-Хасан иелік ететін «Ақтоған» ШҚ тұрақты түрде аудандық әлеуметтік сөрелерге макарон және ұн өнімдерін нарықтан 20-30 пайызға арзан бағамен сатылымға қойған болатын.

Ал 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында облыстық М.Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі 200 балаға «Балалар – біздің болашағымыз» атты «BALA FEST» фестивалін өткізіп, тәттілер сыйласа «Қоғамдық келісім» мекемесі 29 мамырда этномәдени бірлестіктердің 70 баласына мерекелік шара ұйымдастырып, сыйлықтар табыстаса Ұлы Жеңіске – 80 жыл толуына «Қоғамдық келісім» мекемесі Тараз қаласындағы тыл ардагерлерінің шаңырағына барып, азық-түлік себеттерін табыстады.

Сонымен біре Қасиетті Құрбан айт мейрамына орай облыстық түрік этномәдени бірлестігі – 150, әзербайжан этномәдени бірлестігі – 25, татар-башқұрт этномәдени бірлестігі – 15, өзбек этномәдени бірлестігі – 100, дүнген этномәдени бірлестігі – 230, қарашай-балқар этномәдени бірлестігі – 30, күрді этномәдени бірлестігі – 14, тәжік этномәдени бірлестігі – 10 мұқтаж отбасына ет таратып, жалпы 574 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.

 Қорыта айтқанда, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 30 жылдық белесінде қайырымдылық шараларға белсене қатысып, халықтың алғысына бөленіп келеді. Алдағы уақытта да сауапты шаралар өз жалғасын таба береді.

Әсем ЖОЛДАСОВА,
«Қоғамдық келісім» КММ-нің
жобаларды іске асыру және
ҚХА құрылымдарымен жұмыс жөніндегі
бөлімнің жетекші сарапшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.