Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жасыл ел – Тараздың» игі ісі

0 192

Қала тазалығын үнемі қадағалап жүретін «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің жұмысы көпке үлгі. Бүгінде аталған серіктестікте 810 жұмысшы еңбек етуда. Олардың 475-і әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың санатына жатады. Серіктестік басшысы Азамат Әбішев пен орынбасарлары өздеріне бөлінген құрылым бойынша қызметкерлердің жағдайын үнемі басты назарда ұстап келеді. Осы мақсатта қызметкерлерге күніне бір мезгіл тегін ыстық тамақ беріліп, жұмысқа қатынаулары үшін арнайы көліктер де ұйымдастырылған. Мекеменің кәсіподақ ұйымының төрайымы Баян Сапақовамен бірлесіп, ұйым жарнасынан үнемі көмек те беріледі. Мекеме есебінен жұмысшыларды отынмен қамтамасыз етіліп, және аз қамтылған отбасыларға жылына бірнеше рет азық-түлік үлестіріледі.

Аталған мекеме күні кеше тағы бір игі іске ұйытқы болып, өзгелерге үлгі көрсетті. Айталық, «Мектепке жол» акциясы аясында мекеменің кәсіподақ жарнасынан жалпы мөлшері 1050000 теңге бөлініп, 35 отбасының 170 баласына 30 мың теңгелік сыйлық сертикаттары табысталды.

Нұрперзент Туғанбай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.