Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастардың жарқын жобалары

0 268

Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында жастар бизнес-форумының ашылу салтанаты өтті.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Форум ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАО мемлекеттік грантын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Шараны Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков ашты.
– М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті биыл жастардың бизнес идеяларын дамытуда көшбасшы болды. «Enaсtus Kazakhstan» республикалық байқауында ТарМУ студенттері бірінші орын иеленді және жақында Сан-Хосе қаласында (Калифорния) өтетін бүкіләлемдік форумда республиканың атынан шығады. ТарМУ командасына АҚШ-тағы әйгілі «Кремний алқабында» қабілеттерін ойдағыдай орындап, жетістікке жетуіне тілектеспін, – деді ректор.
Ал «Enaсtus Kazakhstan» компаниясының президенті, PhD докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жастар саясаты жөніндегі кеңесінің мүшесі Альбина Ержанова өз сөзінде инновацияларды, инновациялық шешімдерді, озық технологияларды іздеуге бейім жастар ісін дамытуға ерекше көңіл бөлетіндігін жеткізді.
– Жыл сайын республикада «Enaсtus Kazakhstan» идеяларымен мыңдаған жұмыс орны құрылады. Біздің жастар білімнің әрдайым нақты нәтиже беретіндігін көрсетеді. ТарМУ командасы өзінің жобаларын, идеяларын жоғары деңгейде ұсынудың практикалық тәжірибесіне ие. Сонымен қатар жаһандық форумда басқа елдердің жобаларымен танысуға, түрлі континенттердегі бизнестің тиімді тұстарын үйренуге үлкен мүмкіндік бар, – деді Альбина Ержанова.
Форумға «Enaсtus Kazakhstan» түлектер қауымдастығының өкілдері Сұлтан Жабыр, Темірлан Беркімбаев, Хусан Бисенов қатысты. Студенттер Эльдар Сабырбаев, Зарина Тухтаева, Шерзот Кадырходжаев, Лаура Әлібек, Кәрімжан Сүлейманов, Темірлан Беркімбаев, Алуа Сүлейманова «Печа-Куча» форматындағы жобалардың тұсаукесерін өткізді. «Enaсtus Kazakhstan – 2019» жеңімпаз командасы «Кремний алқабы – жаһандық инновацияны дамыту орны» тақырыбында баяндама жасады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.