Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жас Дәурен», мерейтойыңмен!

0 196

Биылғы жылы Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы мен Тараз қаласының мақтанышы «Жас Дәурен» үлгілі балалар хореографиялық ансамблі 25 жылдығын атап өтуде. Бұл – олардың жарқын оқиғаларға толы тарихы туралы айтуға, пікірлес адамдардың, балалардың, педагогтар мен ата-аналардың осы ұжыммен жақынырақ танысуына тамаша мүмкіндік.

1995 жылы ансамбль құрылуының бастауында педагог-хореографтар: Марина Дудник – ансамбльдің ауысымсыз көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының білім беру үздігі, Марина Посмык – ансамбль хореографы, Наталья Носкова – ансамбльге 20 жылдан астам уақытын арнаған балетмейстер, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісінің иегері және педагог-аккомпаниатор Қарлығаш Ахметжанова еді.

«Жас Дәуренге» 4 пен 18 жасқа дейінгі балалар қатысады. Бүгінде ансамбльде 120 тәрбиеленуші жаттығады. Жыл сайын негізгі құрам, 4 жастан 6 жасқа дейінгі хореографиялық мектептен және Ойгүл Байменова басқаратын хореографиялық студиядан жаңа орындаушылармен толықтырылады. Студия хореографиялық ұжымның талантты тәрбиеленушілерінің басты ұстаханасы болып табылады. Балалар ансамбльде практикалық және сахналық тәжірибе алады.

Ұжымның педагогикалық құрамы әрқашан ерекше дайындық деңгейімен ерекшеленіп, жоғары кәсіби стандарттарға бағыт ұстанады. Бұл талантты педагогтар – балетмейстерлер Юлия Прокудина және Салтанат Тоқжігітова, хореографтар Ольга Столярова, Олеся Кирнос, Ирина Костащук, Габи Исмаилов, Бақытжан Аманов. Сондай-ақ педагог-сүйемелдеушілер – Ирина Аширалиева, Светлана Семереч, Наталья Савицкая, Нелла Өтепбергенова, Владимир Сорокин. Осы жылдар ішінде ұжымда ансамбльдің дамуына өз үлестерін қосқан көптеген талантты педагогтар жұмыс істеді. Ұжым мен тәрбиеленушілер Шолпан Уштаеваны, Ольга Қамысбаеваны, Лариса Гниломедованы және басқа да педагогтарды жылылықпен еске алады. Ансамбль қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық ауқымдағы байқаулар мен фестивальдерде биіктен көрінді. Ұжым «Таңғы жұлдыз» (Мәскеу қ.); «Қырым маржаны» (Алушта қ., Қырым); «Қызыл теңіз маржаны» (Хургада қ., Египет); «Будапешт шоқжұлдызы» (Венгрия); «Теңіз шоқжұлдызы – күн, жастық, сұлулық» (Варна қ., Болгария); «Буен виж» (Лиорет де мар қ., Испания); «Таланттар отшашуы» (Париж, Санкт-Петербург, Сочи қ.); «Тошкент севамиз» (Ташкент қ.); «Silk way» (Нұр-Сұлтан қ.); «Ай, Сәулем-ай» (Шымкент қ.); «Қазақстан раушандары» (Павлодар қ.) және т. б. сияқты конкурстардың лауреаты атанды.

Ансамбльдің түлектері туралы көп және мақтанышпен айтуға болады, өйткені әр шығарылым ерекше! Көптеген адамдар өздерінің өмірлік таңдауын жасады және өмірлерін би өнерімен байланыстырды. Олардың ішінде Карина мен Әлия Жиренбаева, Аяна Өскенбаева, Вера Пикина, Альмира Құлмахамбетова, Диана мен Кристина Синогейкина, Алина мен Диана Ақылбекова, Милена Мазур, Вера Дедова, Зарема Мұрат, Валерий Прокудина, Адель Акбузова, Әлібек Арынбасаров және тағы басқалар бар.

Ата-аналар қауымына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Олар – әрқашан балаларының ең батыл бастамаларын қолдауға дайын адамдар. Олардың қатарында Зарина Оспанова, Наталья Писецкая, Әлия Бесебай, Евгения Люфт, Татьяна Колпикова, Галина және Дмитрий Семеновтар, Жанат Сарыбаева, Татьяна Шарапова, Ленур Сүлейманов, Жансерік Әзімханов және т.б. бар.

25 жыл – ерекше дата. Туған күніңмен, «Жас Дәурен!», «Жас дәурен – әртістер», «Жас Дәурен – педагогтар», «Жас Дәурен – ата-аналар». Ұжымға шығармашылық ұзақ ғұмыр тілегім келеді. Өйткені «Жас Дәуреннің» мүшелері жас, батыл, мақсатқа ұмтылған жаңа ұрпақтан құралған. Көптеген жылдар бойы ол дарынды балалар үшін тартымды орын болып қала берсін және өз жанкүйерлерінің жұмысымен қуантады. Бүгінгі күрделі уақытқа қарамастан, біз келесі туған күнімізді үлкен сахнада қарсы аламыз деп үміттенеміз!

Татьяна Грабичук,
Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы» КММ директоры

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.