Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық полицейлер қылмыскерді құрықтады

0 918

    Жамбылдық  полицейлер  Қызыл кітапқа енгізілген 20 тонна өсімдікті Қазақстан шекарасы арқылы тасымалдауға әрекет жасаған ер адамды ұстады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Қордай ауданының «Қарасу»  көлік  өткізу бекетінде Жамбыл облысының Полиция департаменті  Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы   Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  Шекара қызметіне қарасты  2038 әскери бөлімінің  әскери қызметшілерімен бірлесіп,  «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында заңсыз кесілген және пайдалануға тыйым салынған сүректі (сексеуілді) тасымалдаған адамды анықтап, ұстады.

Ол 33 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

 – «Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Аталған  дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заттай айғақ болып табылатын 20 тонна сексеуіл  тәркіленді. Сондай-ақ сот-биологиялық сараптамасы тағайындалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша  мүлкі тәркіленіп және бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Жамбыл облысының Полиция департаменті сексеуілдің әлі де жойылып кету қаупі бар өсімдік түрі  екенін ескертеді!

Еліміздің мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерін отаудың  барлық түрлеріне 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.