Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық полицейлер аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өткізумен айналысқан күдіктіні ұстады

0 1  464

Ағымдағы жылғы 23 ақпанда «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізу барысында синтетикалық есірткі өткізумен айналысқан Тараз қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдіктінің үйіне тінту жүргізу барысында жалпы салмағы 772 грамм 610 мгр болатын «Альфа PVP» синтетикалық есірткі заты табылып, тіркелді.

– Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297- бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткілерді өткізгені үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.