Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық кәсіпкер қарапайым қондырғыларымен күніне 1 тонна шырын өндіреді

0 370

Жамбыл ауданындағы Шайқорық ауылының тұрғыны Равшан Мамедов үш жылдан бері көкөніс консервілеу, алма, шабдалы жемістерінің шырынын өндірумен айналысып келеді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Көкөністер қызарып, жеміс-жидек піскен шақта «Мамедов» шаруа қожалығында тыным жоқ. Жалға алған 1,5 гектар жерге қызанақ, қияр және басқа да дақылдарды еккен кәсіпкер өнімін жинап алғаннан кейін оны үй іргесіндегі қоймада сақтап, сондағы цехтан шырын жасап шығарады. 

Кәсіпкердің айтуынша ол маусымдық науқанда күніне 500-600 банка шығарады. Әр банка 2 литрдан есептегенде 1 тонна шырын тапсырыс берушілерге жеткізіледі.

– «Шыны ыдыстың бір данасын 90 теңгеден, қақпағын 14 теңге 60 тиыннан сатып аламын. Ал алма мен шабдалыны арзан бағада Алматы, Шымент қалаларынан жеткіземін. Біздің тауарымыз аудан, облыстың дүкендерінің сөресінде тұр. Жұмыс барысын айта кетер болсақ, шаруаға қажет құрылғыларды өзім құрастырдым. Тек шыныға қақпақ жабатын аппаратты және қозғалтқыш моторларды сатып алдым. Алдымен қолдағы шыны ыдыс ыстық бу арқылы залалсыздандырылып, жүгіртпе жол арқылы жеміс сығындысы арнайы батырма арқылы ыдысқа құйылады. Шырынға толы ыдыс бұдан әрі қақпағын жабатын аппаратқа жеткізіледі. Соңынан шыны ыдысқа жарнама парақтары жапсырылады. Біз тек тапсырыс түскен жағдайда ғана жұмысқа кірісеміз», – деп түсіндірді Р.Мамедов.

Кәсіпкер алғашында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында оқыту курсынан өтіп, «Бизнес Бастау» бағдарламасымен 6 млн теңге несие алған. Кейін микроқаржы ұйымдарынан кәсібін кеңейтуге 4 млн теңге қаржы қаралып, ол сомаға қажетті құрылғыларын сатып алған. 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.