Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаланың жағдайын қалай жақсартуға болады?

0 836

Қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың басшылығымен үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен және БАҚ өкілдерің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында қала аумағында бірлесе атқарылған  жұмыстар баяндалды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында қала аумағында жүргізілген бірлескен жұмыстың нәтижелері талқыланды. Осылайша, қатысушыларға жыл ішіндегі негізгі жетістіктер көрсетілген бейнеролик ұсынылды.

  • Қаланың шет аумақтарындағы аудандар күл қоқыстан тазартылды.
  • Саябақтар мен қала көшелерінің бойына 257 урна, қоқыс жинайтын 100 контейнер қойылған.
  • Ауған соғысы ардагерлеріне қалалық көпбейінді ауруханасында арнайы 13 палата қарастырылды.
  • Тараздағы Қойгелді көшесінде асфальт жабындысының 1-ші қабаты төселді.
  • Ағымдағы жылдың шілде айында 10 бірлік үлкен сыйымдылықты автобустар сатып алынып, қала тұрғындарына № 8 автобус бағыты бойынша қызмет көрсетуде. Заманауи комфортабельді автобустарды қалалық бағыттарға қосу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Қараша айында 40 бірлік автобус сатып алынатын болады.
  • Биыл заманауи үлгіде 14 аула абаттандырылды. Аталған аулалар әр жастағы жеткіншектерге арналған. Жоспарға сәйкес келесі жылы «100 аула» жобасын іске асыру жоспарлануда.
  • Бүгінгі таңда 34 көше мен бұрылыстарға құрылыс жұмыстары жүруде. Демеушілер есебінен 6 көше мен бұрылыстарға көше жарығы орнатылды. Келер жылы 72 көше мен бұрылыстарына көше жарығын орналастыру көзделіп отыр.
  • «Амазонка қатерлі ісік науқастарын қолдау қорының» төрайымы Сарьян Анжелика Грантовнаның мәселесі бойынша:Анжелика Грантовна өзі басқаратын орталықта науқастарға арналған көлік мәселесін шешу туралы ұсыныс жасаған. Бүгінгі күнге демеушілермен келісім жасалды, желтоқсан айында көлік сатып алу жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Тараз қаласында атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты өз ойын «Жаңа Ру» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Естемесұлы Төлендиев білдірді. Өз сөзінде қала тұрғандарының тазалыққа деген бейімділігін арттыру және қаланың шағын көшелерін жарықтандыру бойынша көше шамдарын орнатуға қатысты сұранысын қанағаттандыруды сұрады. Ал «Асар» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Руслан Қаншыбекұлы Төлегенов өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін көмек пен олардың ыңғайына қолдау білдіруді ұсынды.Сонымен қатар, қоғам белсендісі, «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанна Абдрахманқызы Мамашева Қалада атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.