Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нәтижелі кездесу

0 845

Үстіміздегі жылдың 28 қазанында Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев Жамбыл облысы этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев кездесу барысында қалада атқарылған жұмыстар туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті:

-Бұл ең алдымен жақсы жол, қауіпсіз көше мен таза ауыз суы. Ал үш жылдық жоспарға 89 су құбыры және кәріз желілерін жөндеу, 156 көше мен 151 көп қабатты үйдің аулаларын жарықтандыру мен 241 аула алаңын абаттандыру жұмыстары енгізілді. Қала маңындағы алқаптар басымдыққа ие болып отыр. Қазір біз Барысхан алқабында, Бурыл А, Бурыл Б және 15 шағын ауданында жолдарды асфальттау үшін ақшалай қаражат қарастырудамыз. Сондай-ақ, қаланың туристік әлеуетін кеңейту мақсатында «Әулиеата» кварталын жаңарту жоспарлануда.

Көпшілік қаланы абаттандыру, жолдарды жөндеу, электр желілерінің жағдайы және қоғамдық көлікке қатысты сұрақтарын қойды. Ал Жамбыл облыстық ҚХА мүшелері бұқаралық іс-шараларды өткізу және этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен мектептерде бірыңғай сабақтар ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу соңында Ержан Жұматұлы іс-шараға қатысушыларға алғысын білдірді. 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.