Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда кальцийленген сода зауыты салынуда

0 2  874

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «YILDIRIM» компаниясының бас директоры Исмайл Джейлан және «Qazaq Soda» ЖШС директоры Рамазан Ибраимовпен кездесті.

Кездесу барысында Сарысу ауданында кальцийленген сода шығаратын зауыттың құрылысының барысы, кездесіп отырған мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Айта кетейік, «Qazaq Soda» ЖШС-нің кальцийленген сода өндіретін зауытының жылдық жобалық қуаты 500 мың тоннаны құрайды десек, болашақта 1 миллион тоннаға дейін арттыру көзделуде.
Нысан құрылысына 400 миллион АҚШ доллары инвестицияланған, жоба 2025 жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Жоба аясында 1 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылады.
Исмайл Джейланның айтуынша, зауыт Қазақстанның өзін ғана емес, бірқатар көршілес мемлекеттерді кальцийленген содамен қамтамасыз етуге бағытталған.
Серіктестер бұл іске кальцийленген сода өндірісінде қолданылатын жаңа технологияларды тартуда. Сонымен қатар заманауи өндіріс толығымен қалдықсыз жүйеде жұмыс істейді, қалдықтар қайта өңделеді.
Тараптар кальцийленген сода өндіру жобасы аймаққа басқа да инвестиция тартуға мол мүмкіндік беретініне назар аударды.
Басқосуда инфрақұрылымға қатысты және өзге де мәселелер айтылды.
Облыс әкімі жергілікті билік инвестициялық жобаны жүзеге асыруда кездесіп отырған мәселелерді шешуге заң аясында жан-жақты қолдау көрсететін атап өтті.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.