Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысының тұрғыны жаңа туған сәбиін бейтаныс адамға беріп жіберген

0 204

Жамбыл облысында әйел баласын бейтаныс адамдарға беріп кеткен. Бұл дерек «Стоп-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары 22 жастағы әйелді ұстады. Ол 2018 жылы дүниеге сәби әкеліп, оны басқа отбасына тәрбиелеуге заңсыз берген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандарды саудалау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі «Қоғамдық орындардағы алаяқтық» бойынша 36 адам жауапкершілікке тартылды.

«Сутенер» санатындағы бір адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 6 қыз профилактикалық есепке алынған. Олардың бірі Алматыда іздеуде болған, сондықтан ол одан әрі Алматыға жіберу үшін қамауға алынды. Бұған дейін Түркістан облысында 10 жезөкше мен бір сутенер анықталғаны хабарланған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.