Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында 48 бас мал тірідей жанып кетті

0 531

25 наурыздан 26-сына қараған түні Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді.ТЖМ мәліметінше, өрт алаңы 220 шаршы метрді құраған.

Өрт кезінде 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы жанып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өртке электр сымдарының қысқаша тұйықталуы себеп.

Өрт 50 минутта сөндірілген. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 бірлік техника жұмыс істеді.

ТЖМ электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

el.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.