Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жамбыл мергені-2023» облыстық әскери-спорттық жарысы өтті

0 219

Тараз қаласындағы НЗМ «Жамбыл мергені – 2023» облыстық әскери-спорттық жарысын өткізді. Жарыста Жамбыл облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттар мен Тараз қаласы физика-математика бағытындағы НЗМ оқушылары бақ сынасты. Командада әр мектептен 4 оқушыдан қатысты.

Жарыстың мақсаты:
– өскелең жас ұрпақ арасында Отансүйгіштік және патриоттық сана-сезімді қалыптастыру;
– мектеп оқушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін үгіттеу;
– салауатты өмір салтын насихаттау.

Аталмыш іс-шараға арнайы қонақтардан төрешілік етуге «Жамбыл облысының Интернациоаналист-жауынгерлер одағы» Қоғамдық бірлестігінен Төртбаев М.Ә және Камзаев М.И, Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінен Маханов Е.Ж, облыстық «Жас Сарбаз» жастар қозғалысының төрағасы Пәрімбек А.А және әскери госпиталь хирургия бөлімінің басшысы Төлеген Б.Б шақырылды.

Жарыс 5 кезеңен тұрды:
«Пневматикалық мылтықтан ату»
«Страйкболды тапаншадан ату»
«Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыру»
«Етбетінен жатып денені көтеру»
«Шалқалай жатып денені көтеру».

Қорытындылай келе, жарыста жеңіске жеткен топтар:

І орын Назарбаев Зияткерлік мектебі
ІІ орын «Дарын» лицей-интернаты
ІІ орын Жамбыл Инновация Жоғары колледжі
ІІІ орын Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі
ІІІ орын Абай дарын мектебі.

Қатысушы сертификатымен Білім инновация лицей құрама командасы, IT-лицей және 45 гимназия марапатталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.