Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл ГРЭС-індегі экскурсиялық сабақ

0 546

Теориялық білімді тәжірибемен ұштастырудың маңызы зор. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері облыстағы ең үлкен электр стансасына барып, кәсіби мамандардың жұмысымен танысты.

Т.Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аймақтық электр стансасы Тараз қаласының шет жағында орналасқан. Бүкіл мекемелер мен тұрғын үйлерді, кәсіпорындарды электр жарығымен қамтамасыз етіп, барлық саладағы жұмыстың үздіксіз жүруіне септігін тигізіп отырған стансаның өзіндік жұмыс жүйесі бар. Талап-міндеттері нақтыланған. Алға қойған жоспар-жобалары көп. Жыл санап қолданыстағы аппараттар да жаңғыртылып жатыр. Қазіргі таңда электр стансасында 6 энергоблок жұмыс жасап тұр. Жамбыл ГРЭС-і – Қазақстанның оңтүстігіндегі энергетикалық базаның негізгі көзі. Бұл республикадағы блоктық типтегі алғашқы әрі аймақтағы ең қуатты электр стансалардың бірі.

Студенттер экскурсия сабақта осы мәліметтерге қанықты. Дулати университетінің автоматтандыру және телекоммуникация кафедрасының меңгерушісі М.Жүнісбеков, аға оқытушы Ж.Исакулова, оқытушы И.Амировтың 2 және 3 курс студенттері үшін ұйымдастырған практикалық сабақтың көздеген мақсаты да осы. Теориялық білімдерін тәжірибелік түрде ұштастырып, жалпы өндіріс туралы көзқарастарын кеңейту.

Кәсіпорынға кірер алдында әр адамның барлық құжаттары және денсаулық жағдайы тексерілді. Одан кейін студенттерге де, мұғалімдерге де техника қауіпсіздігі түсіндірілді. Кәсіпорында электрстанса құрылғыларымен «Жылу автоматикасы» цехының директоры, автоматика және телекоммуникация кафедрасының түлегі Юрий Салдатов таныстырып, әр энергоблок туралы ақпарат берді.

Мұндай практикалық сабақтардың студенттер үшін маңызы зор. Себебі өндірістік экскурсиялар балаларға кәсіби маман болып қалыптасуына, кәсіби қызметке деген қызығушылығын дамытуға, өз мүмкіндіктері мен кәсіби өсу перспективаларын түсінуге және бағалауға, оқуды аяқтаған соң мамандығының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тек қана студенттер ғана емес  мұғалімдік құрамда өзі үшін керекті мағлұмат алуына көмектеседі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.