Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл ауданының әкімі орындаған 100 уәде

0 408

Жамбыл ауданының әкімі 2021 жылдың қорытындысымен 17 ауылдық округте 17 рет және Президент Жарлығына сәйкес әр тоқсан бойынша ауылдарда 51 мәрте кездесу өткізіп, аудан тұрғындарының талап-тілегін, ұсыныс-пікірін назарға алған болатын.

Сөзден-іске келер болсақ, аймақ басшысының қолдауымен Бірлесу-Еңбек, Айшабибі, Аса ауылдарында тұрғын үйге жапсарлас орналасқан полиция пункті ашылып, тәртіп сақшыларына пайдалануға берілді.

Аудан орталығындағы асалықтардың талабымен №28 және «Бәйтерек» алқабындағы көпқабатты үйлердің ауласы реттелді. Көлік тұрағы жасалып, аулаға асфальт төсемі төселді.

Айшабибіде Мәдениет үйі, Ерназар, Шайқорық ауылындағы ауылдық клуб және Шайдана, Ащыбұлақ ауылдарындағы кітапханаларға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шоқай ауылы тұрғындарының өтініші негізінде 70 жыл жөндеу көрмеген Байғазиев көшесі толықтай асфальталды. Ал Бірлесу-Еңбек ауылындағы Жапарбеков көшесіне су құбыры тартылды.

Айшабибі ауылында Жібек жолы көшесіне тротуар төселіп, жарық шамдары ауыстырылды.
Қаратау ауылында Бауыржан Момышұлы көшесі жаңарып, көше жарықтандырылды.

Қасиетті мекен Айшабибі кесенесіне және ата-аналар сұранысымен №8 орта мектепке апаратын жол бойы кеңейтіліп, асфальт төселді. Ауылдағы Төле би және Ынтымақ көшесі орта жөндеуден өтсе, Қаратау көшесінің түні де күндізге айналды.

Ақбұлымдықтардың өтінішімен Дербіс болыс, Төрегелді, Жеңістің қырық жылдығы және Желтоқсан көшесіне асфальт төселіп, Төлебеков, Дүйсенбаев, Бес ана көшесінің ауызсу құбыры ағымды жөндеуден өтті. Мектеп маңындағы ойын алаңы, футбол алаңы ретке келтірілді.
Төрегелді каналы механикалық тазалаудан өтті.

Бесағаштық тұрғындардың сұранысымен Мырзахметов, Жамбыл, Абай көшесі жарықтандырылды. Балалар ойын алаңы жаңғыртылды.
Түрксіб ауылындағы Қалдыбеков, Желтоқсан, Арай көшелеріне шағал төсемі төселіп, асфальттауға әзірленді.

Ерназарлық тұрғындардың талап-тілегі бойынша шағын футбол алаңына жасанды төсеніш төселіп, жарық шамдары орнатылды.
Ауылға кіреберіске бейнебақылау камерасы орнатылды.

Шайқорық ауылында Теректі көшесі асфальтталды және Шалқар, Теректі көшесінің электр сымы жаңартылды. Ташметов көшесіне жарық шамдары орнатылды.
Танты ауылында кіші футбол алаңы салынып, Тантаа көшесіне асфальт төселді.

Көлқайнар, Аса, Тоғызтарау ауылдық округіндегі Естай, Рамазан, Тоқтасын, Тұрсынбай, Рахат, Хамзат каналы механикалық тазалаудан өткізілді. Тоғызтарау-Жаңаөткелдегі көпір ағымды жөндеуден өтті

Аудан орталығындағы тұрғындар ұсынысына сәйкес №1, 2, 3, 4 алқаптары және Қилыбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылды.
Рахат ауылында бейнебақылау камерасы іске қосылды.

Жамбыл, Еңбек ауылдарындағы Ақтөбе, Жамбыл, Қараөзек көшесі орта жөндеуден өтті. Тастөбе ауылында шағын футбол алаңына ағымды жөндеу жұмыстары үйлестіріп, көше жарығы орнатылды.

Қала маңы – Сұлутөр ауылындағы тұрғындардың өтінішімен Үсіпбеков, Мұқанов 1, 2, 3 көшелері асфальтталды. Аталған ауылда Ұлы Отан соғысының ардегерлеріне арналып ескерткіш салынды.
Байқоныс, Самал көшесіне қиыршық тас төселді.

Қаракемер, Құмтиын ауылы тұрғындарының ұсынысына сәйкес, Мұсабеков және Батырұлы көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Құмтиын ауылындағы шағын алаң жаңартылды.

Қызылқайнар, Жасөркен ауылы тұрғындарының мәселесіне сәйкес Пірімқұлов, Абдуллаев, Тұралиев, Терлікбаев, Талас, 10 жылдық, Жасөркен көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ауыз су құбыры жаңғыртылды.

Шайдана ауылындағы жастардың өтінішімен спорт кешеніне ағымды жөндеу жұмыстары үйлестірілді.
Ал Ащыбұлақ ауылындағы Үкібаев, Жапаров көшесіне қиыршық тас төселді.

Қызылшарық, Бәйтерек, Бектөбе ауылыдарындағы Жамбыл, Сүйінбай, Жамбыл, Баласағұн, Райымбеков, Тоқтаров көшелеріне жарық шамдары орнатылып, бірқатарының электр желісі де жаңартылды

Өрнек пен Жұма ауылында ауыл болып аталғалы асфальт көрмеген Молдағұлова, Қостөбе көшесіне ауылдықтардың ұсынысымен жол жабындысы төселді.

Қала маңындағы Жалпақтөбе ауылы азаматтарының талап-тілегіне сәйкес, Цхай, Шивазы, Масанчи көшелері асфальтталып, Нұрлы жол көшесіне жарық шамдары орнатылды.

Бірқатар ауыл тұрғындарының сұранысымен Тоғызтарау ауылындағы Тұрар Рысқұлов, Гродекова ауылындағы Абай, Жаңаөткел ауылындағы Садықов көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ аудандағы аула саны аз Құмсуат, Сеңгірбай, Әуликөл, Көлқайнар ауылдарына ауыз су құбырлары жеңілдетілген жолмен жүргізіліп, қолданысқа берілуде.

Қаракемер, Құмсуат, Сеңгірбай, Әуликөл, Көлқайнар, Бесағаш, Түрксіб ауылдарына ауыз су құбырлары жүргізілуде.

Аймақ басшысының қолдауымен Рахат, Қаракемер, Құмтиын, Ащыбұлақ, Шайдана, Тастөбе, Еңбек, Көлқайнар, Өрнек, Жұма, Ерназар, Әулиекөл, Қаратау ауылдарына газ құбыры жүргізіліп, кезең-кезеңімен ел игілігіне берілуде.

Халық қажеті үшін жасалған игі істер мұнан кейін де өз жалғасын тауып, ел алдында берілген уәделер орындалатын болады. Ел азаматтарының қажетін өтеу – жергілікті басшылардың басты міндеті десек, аудан төңірегіндегі бұл жұмыстардың сәтті жүргізілуіне облыс әкімі Нұржан Нұржігітов тікелей қолдау көрсетуде.
Алдағы уақытта аудан ажарын ашу, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткішін жоғарылату, тұрғындардың тұрмыстық сапасын арттыруға бағытталған кешенді жобалар мен бағдарламалар өз жалғасын таба бермек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.