Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қар тазалау жұмыстары тоқтаусыз жалғасуда

0 99

Тараз қаласында «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС шаһар аумағындағы автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдарында төтенше жағдайлар туындамас үшін қардан тазарту жұмыстарын жалғастыруда. Екі күн бойы толассыз жауған қарға байланысты мекеме қазіргі таңда екі ауысымда қызмет атқаруда. Кеше шаһар көшелеріне құм, тұз себу және қарды техникамен тазалау бойынша түнгі жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстарға 40 техника және 82 адам жұмылдырылды. Бүгінгі күнге орта есеппен қала бойынша 450 текше метр қар шығарылды. Қазіргі таңда мекеме қорында құм мен тұз жеткілікті.

«JT-ақпарат»

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.