Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жалғызбасты әйел, екі кішкентай баласы бар: Сот Бақытгүл Хаменованы неге қамауға алмағанын түсіндірді

0 659

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың не себепті үйқамаққа жіберілгенін түсіндірді, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметінде, сот ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының Хаменоваға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарады.

«Сот күдіктінің жалғыз басты әйел екенін, Атырау қаласында тұрақты тұратын жері бар, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, бұрын сотталмағанын, екі кішкентай баланы тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының болуын есепке алып, сот оған қатысты процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгілей отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажеттігі туралы қорытындыға келген», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше тергеу соты Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа жібергенін хабарлаған едік.

Атырау облысы әкімінің орынбасары бұған дейін Жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.