Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңатасқа жаңа әкім сайланды

0 302

ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫ ӘКІМІН САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША САРЫСУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ.

2023 жылғы 17 қыркүйек  күні Сарысу ауданы  Жаңатас қаласы әкімінің сайлауы өтті.

Сарысу аудандық сайлау  комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 9 тармақшасына, 44 бабының  2 тармағына, 45 бабына, 113-10 бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының  Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің сайлауының қорытынды хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

Жаңатас  сайлау  округі

Жаңатас қаласы әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілгені 15183 азамат, оның дауыс беруге қатысқаны 4351. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 119, «Бәріне қарсы»  белгісі бар жолды белгілегені — 100.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдрахманов Ш.Б. – 920;

Домалаков И.А. – 1104;

Жанкужаев С.Б. – 651;

Исентаев А.И. – 1080;

Садуакасов Б.М. – 377;

 

Жаңатас қаласының әкімі болып Домалаков Ильяс Алимбаевич сайланды, 1988 жылы туған,  «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ Сарысу ауданы бойынша Мансаптық орталығы филиалының директоры, Жаңатас қаласында тұрады, өзін өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Сарысу аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының  45-бабына сәйкес, 2023 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен 2023 жылғы 17 қыркүйекте сайланған Сарысу ауданы Жаңатас қаласының әкімін тіркеді.

Сарысу аудандық сайлау комиссиясы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.