Қалалық қоғамдық-саяси газет

2024 жылғы 31 наурызда өткен Тараз қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

0 144

2024 жылғы 31 наурызда №25 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихаты депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 10068 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 469 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 20 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
№25 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихаты депутаты сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Орхан Бахтиярович Багбанов үшін сайлаушылардың 54 дауысы берілді;
Елдос Тұрсынбекұлы Далабай үшін сайлаушылардың 287 дауысы берілді;
Байдәулет Әбукәрімұлы Садыров үшін сайлаушылардың 77 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 38.
Сайлау қорытындысымен №25 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаты болып:
Далабай Елдос Тұрсынбекұлы, 1978 жылы туған, «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» КММ-нің басшысы сайланды.

Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.