Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

0 623

№22 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат

Мұхтар Досмаханұлы

Құрметті сайлаушылар!
Еліміздің үлкен өзгерістер мен жаңаруларға қадам басқанын биылғы барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауынан байқап отырмыз. Әсіресе осы жолғы сайлаудың өзгелерден айырмашылығын бір мандаттық сайлау тәртібіне келуімізден көруге болады. Осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, өзімді үміткер ретінде ұсынып, сайлауға қатысу туралы шешім қабылдадым. Мен, Досмаханұлы Мұхтар 1979 жылдың 29 сәуірінде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Мақпал ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғары, 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2014 жылы ЖГТУ «қаржы» мамандығы бойынша бітірдім. Еңбек жолын 1999 жылы Т.Рысқұлов ауданы, Қызылту орта мектебінде мұғалім болып бастадым. 2005 жылдың сәуір айынан бастап аталмыш орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап отбасылық жағдайға байланысты Тараз қаласына қоныс аударып, 2008 жылдан 2011 жылға дейін Тараз қаласы №51 орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2011 жылдың 15 ақпанынан бастап конкурстық негізде Тараз қаласы №25 орта мектебіне директор болып тағайындалдым. 2011 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Тараз қаласы №36 орта мектебіне ауысып, қызмет атқардым. 2015 жылдың 20 тамызынан бастап Тараз қаласы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде директор болып қызмет атқардым. 2022 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Тараз қаласы А.Гайдар атындағы №35 орта мектебіне ауысып, қызмет атқарудамын.

«AMANAT» партиясының Тараз қалалық филиалының мүшесімін.
Отбасымда жолдасым және үш қыз, екі ұлым бар.
Қаланың және тұрғындардың өзекті мәселелері маған таныс. Олардың арасында әлеуметтік, коммуналдық шаруашылық, құрылыс салаларына қатысты мәселелер бар.
Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамды іске асыру жөніндегі жол картамды дайындап, күрделенген мәселелер аясында қаладағы жолдар жөндеуден өткізіліп, аулаларды абаттандыру және қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстарын жүргізуге ықпал етуді жоспарлап отырмын. Мен мәселелерді ауызша естіп емес, ортасында көріп-біліп жүрмін.
Осыған байланысты, аталған түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған төмендегі сайлауалды бағдарламаны ұсынамын:
– халыққа көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелердің орындалуына, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың төленуіне қоғамдық бақылау жасау.
Сонымен қатар:
– балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыруға жағдайдың жасалуына;
– жыл сайын кемінде бір көшеге орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне;
– мектеп пен балабақшаға келер жолдардың жасалуына, сапасын арттыруына;
– 2027 жылға дейін жарықтандыруды қажет ететін 8 көшенің толықтай және 58 көпқабатты тұрғын үй аулаларының басым бөлігінің жарықтандырылуына;
– көшелерге қоқыс қалдықтарын жинайтын жәшіктердің орнатылуына және санитарлық талаптардың сақталуына;
– сайлау округінде орналасқан жөндеуді қажет ететін білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне;
– жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету арқылы олардың еңбектің түрлі шараларымен қамтылуына ықпал ету.
Құрметті сайлаушылар!
Біздің еліміздің, сүйікті қаламыздың болашағы сіз бен бізге тікелей байланысты.
Сіздерді балаларымыздың бақытты болашағы және әр азаматтың жайлы өмір сүруі үшін сайлауға қатысып, білімі мен біліктілігін, іскерлігін тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға жұмсайтын лайықты кандидатқа дұрыс таңдау жасай отырып, дауыс беруге шақырамын.
Біз туындаған мәселелерді күшімізді біріктіру арқылы шеше аламыз!

Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

 

Тапсырыс беруші: №22 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ДОСМАХАНҰЛЫ М.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.