Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жүргізуші куәлігін жасаймын деп елді алдаған алаяқ ұсталды

0 1  099

Ағымдағы жылдың 02 ақпанында Тараз қ.Полиция Басқармасының жедел басқару орталығына қала тұрғынынан белгісіз тұлға жеке заттарының ұрланғандығы бойынша арызданған. Белгісіз тұлға көлік жүргізу куәлігін жылдам жасап берем деп сеніміне кіріп, қонақ үйлердің біріне ақшасын алуға шақырған. Кездесу барысында белгісіз тұлға киімдерінен ұялы телефонымен 80.000 тенге ақшасын жымқырғандығы белгілі болған,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қ.Полиция Басқармасының Криминалдық полиция қызметкерлерімен 26-жастағы Семей қаласы Аягөз ауданының тұрғыны анықталып,ұсталды. Ол өзінің ақшаны онай табу мақсатында қалаға келгенін айтып, өз кінәсін толығымен мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 және 2 бөлігімен(Ұрлық) және ҚР ҚК-нің 190 бабы (Алаяқтық) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция Департаментінің баспасөз хатшысы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.