Қалалық қоғамдық-саяси газет

Заман талабына сай жаңа модельдегі университет

0 506

Биыл Қазақ ұлттық университеті үшін маңызды кезең. Өйткені оқу ордасының құрылғанына 90 жыл толды. 1934 жылдың 15 қаңтарында Қазақ мемлекеттік университеті (ҚазМУ) есігін айқара ашты.

Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемдегі ең үздік 150 университеттің қатарына кіретін және Орталық Азиядағы «QS Stars» халықаралық рейтинг жүйесінде «Бес жұлдызды» алған жалғыз университет. Университет өзін үнемі жаңашыл идеяларды іздеуге бағытталған зерттеу университет ретінде позициясынан көрсетеді. Шығыс Еуропа мен Орталық Азия үшін «QS World University Rankings» рейтингінде 16-шы орында тұр.
Университеттің «Химия және химиялық технология» факультеті жыл сайын оқу ордасының 16 факультеті қатысатын рейтингіде жетекші орын алады. Факультет үш ғылыми-зерттеу институтымен біріктірілген алты кеңейтілген кафедрадан тұратын және химия мен химиялық технологияның әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған материалдық-техникалық базасы бар ғылыми, оқу және технологиялық көпсалалы кластер үлгісі бойынша жұмыс істейді. Қазіргі уақытта «Химия және химиялық технология» факультеті көпжылдық дәстүрлерді жалғастыра отырып, оқытушыларымен және түлектерінің жетістіктерімен мақтанады. Олардың көпшілігінің есімдері замандастарына белгілі еліміздің жылнамасында жазылған.
«Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы» кафедрасы факультет пен университет жетістіктеріне өз үлесін қосуда. Кафедра оқытушыларының дайындығы жоғары және кәсіби құзыреттіліктерін үнемі жетілдіріп отырады. Барлық сабақтарда шығармашылық атмосферасы қалыптасқан. Студенттерге ешқашан жай ғана есте сақтау және қайталап айту міндеті қойылмайды, олар түсіндіре білу, құбылыстардың байланысын таба білу, интерпретациялап, жоспар құру, айырмашылықтарды таба білуі қажет. Сондай-ақ кафедрада ғылыми жұмыстар лайықты деңгейде жүргізілуде, жетекші оқытушылар ірі ғылыми жобалардың авторлары болып табылады, оларға 2-ші курстан бастап студенттер тартылды.
Университеттің қазіргі мақсаты – қоғам сұранысына ие білімге негізделген, заман талабына толық жауап беретін оқу ордасының жаңа моделін құру.

А.К.Жусупова,
А.А. Батырбаева,
Р.Н.Ажигулова,
«Физикалық химия, катализ және мұнай-химия» кафедрасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.