Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда Ғылым қызметкерлері күні халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

0 276

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында «Ғылым және инновация – аймақты дамытудың драйверлері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Конференция Жамбыл облысының 85 жылдығына және Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының 15 жылдығына орайластырылған.

Конференцияның ашылуында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ғылымды дамыту мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғам дамуының ең маңызды факторы – ғылым мен білімнің дамуына баса назар аударуда. Заман талабына сай білім саласында да сапалы өзгерістер орын алуда. Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау маңызды міндеттердің бірі болып отыр, — деп атап өткен облыс әкімі конференцияның өңірдегі білім мен ғылымды дамытуда маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев ғылым қызметкерлері күнінде конференция өткізудің символдық мәнін атап өтті.

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Оқытудың озық әдістерін енгізе отырып, жоғары білім беруді жаңғырту және реформалау жөніндегі шаралар іске асырылуда, — деді ол.

Бұдан соң Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының вице-президенті Махметғали Сарыбеков, К.И.Скрябин атындағы Қырғыз Ұлттық аграрлық университетінің доценті Венера Кожогулова, Қарақалпақ ауыл-шаруашылығы және агротехнологиялар институтының халықаралық байланыстар бѳлімінің бастығы Есен Абдуллаев және онлайн режимінде – түркиялық Кастамону университетінің профессоры Явуз Гулоглу сөз сөйледі.

Бірқатар педагогтер кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Бұл күні ҚР Президентінің кеңесшісі және облыс әкімі Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Халықаралық Тараз инновациялық институтының жатақханасы мен музейін, «Рухани жаңғыру және Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығын аралап, ғылыми жетістіктер көрмесін тамашалады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.