Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ғылым: кеше және бүгін

0 65

90-жылдары елімізде ғылым саласы күрделі кезеңді бастан өткерді. Қаржыландырудың азаюы, ғылыми инфрақұрылымның әлсіреуі салдарынан көптеген білікті мамандар шетелге кетуге мәжбүр болды.

Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. 2020 жылдан бастап ғылым стратегиялық бағыттардың біріне айналды. Салаға бөлінетін қаржы 6 есеге дейін артты. Ғалымдарды қолдау мақсатында пәтер беру, ғылыми гранттарды көбейту, шетелдік тағылымдамаларды дамыту сияқты нақты қадамдар жүзеге асырылуда.

Университеттер жанынан технохабтар ашылып, ғылым мен өндіріс байланысы нығайып келеді. Бұл – инновация мен жаңа технологиялардың дамуына серпін беретін маңызды бастама.

Қазақстан білім мен ғылымға басымдық беретін елге айналып келеді. Себебі ғылым – елдің болашағы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.