Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әулиеата шайырлары жырдан шашу шашты

0 93

Жуырда Халық қаһарманы, жерлесіміз Қайрат Рысқұлбековтің туған күніне орай, Жамбыл облыстық «Әулиеата шайырлары» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Мұхит Есіркеповтің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Қайрат. Желтоқсан. Имандылық» тақырыбында мүшәйра өтті.

Байқау нәтижесінде бас жүлдені Ақберен Сламбай еншілесе, І орынды Дана Айдарова, ІІ орынды Асқар Махамбетов, Шакизат Акимов және Жанаргүл Бекбау олжалады. Ал ІІІ орынды Әуесхан Үркінбаев, Айман Елеуова мен Ләззат Қазмағанбетова өзара бөлісті.
Жалпы аталған шығармашылық бірлестіктің мақсаты – облысымыздағы жазба ақындардың өлеңдерін халыққа таныстырып, шеберліктерін арттырып, өзара бірлескен жұмыстар атқару.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.