Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Әулиеата» – Қазақстанның 13 дүркін чемпионы

0 2  860

Тараз қаласында ұйымдастырылған көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының ХХІІ чемпионаты өз мәресіне жетті.

Чемпионатқа еліміздің 15 өңірінен 171 спортшы қатысты. 10 күнге созылған дүбірлі додада Жамбыл облысының «Әулиеата» көкпар командасы жеңіске жетіп, Қазақстанның 13 дүркін чемпионы атанса, Қостанай облысының көкпар командасы күміс медальға қол жеткізді. Ал Түркістан және Қызылорда облыстарының командалары қоланы қанағат тұтты.
Сондай-ақ жамбылдық Тұрғанбек Құрманбек «Үздік ойыншы», қостанайлық Оралхан Сұлтанов «Үздік шабуылшы», қызылордалық Медетбек Балғынбек «Үздік қорғаушы», батысқазақстандық Ақылбек Меңдіғалиев «Үздік төреші», қостанайлық Саттархан Полат «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинацияларына ие болса, түркістандық сәйгүлік Нұрқасқа турнирдің үздік сәйгүлігі атанды.
Сонымен қатар чемпионат аясында жекпе-жек аттарының да сайысы ұйымдастырылып, астаналық Ақжал топ жарса, шымкенттік Хазбик екінші орынды, түркістандық арғымақ Қаһарман үшінші орынды олжалады.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Осыған орай күні кеше Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Әулиеата» көкпар командасының мүшелерімен кездесіп, жарқын жеңістерімен құттықтады.

Нұрперзент ТУҒАНБАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.