Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сайлауға дайындық жұмыстары пысықталды

0 518

Тараз қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлының төрағалығымен 2023 жылдың 29 қазанына тағайындалған №22 сайлау округінде өтетін сайлауға дайындық жұмыс- тарының барысы туралы мәселе қаралды.

Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері мен мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Асқарбеков баяндама жасап, қатысушыларды дайындық жұмыстарының барысымен таныстырды.
Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе, Тараз қалалық мәслихатының №22 бірмандық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізуге байланысты тиісті мекеме, кәсіпорын басшыларына бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.