Қалалық қоғамдық-саяси газет

Туған баласын 38 рет пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты

0 469

Атырауда төрт айлық баласын 38 рет пышақтап өлтірген қатыгез әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел тек тәртіп сақшыларының қатаң бақылауында болып, бірнеше ай психиатриялық диспансерде емделеді.

Себебі сот төрағасы мұндай жантүршігерлік жағдайға тек есі дұрыс емес адам ғана барады деп шешім шығарды.

Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Зарема Хамидулина: «Есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін ҚР ҚК 16-бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Армангүл Бахиеваға мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда емдеу тағайындалсын. Бахиева аталған емдеу мекемесіне жіберілсін. Оның денсаулығын қадағалау мекеменің бас дәрігеріне жүктелсін», – деді.

Осыған дейін болған сот отырыстарында күдіктінің күйеуі әйелінен психикалық ауытқулар байқағанын айтқан. Тіпті, сәбиі жылаған кезде көзіне елес көрінетінін жиі айтқан. Шешуші сот отырысына да баласын пышақтаған келіншек қатыса алмады. Өйткені 42 жастағы әйел қазір психиатриялық диспансерде жатыр.  Дәрігерлердің айтуынша, осы күнге дейін науқастың бауыр еті – баласын іздеп немесе өткен іске өкінген әрекеті мүлде байқалмаған.

Сәуір айында Көптоғай ауылының тұрғыны төрт айлық сәбиін үйінде пышақтап өлтірген. Күйеуі аудан орталығына кеткенде осындай қылмысқа барыпты. Шақалақтың шыңғырған дауысын көршісі естіп, полиция шақырған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.