Қалалық қоғамдық-саяси газет

Теміржол төңірегіндегі түйткіл

Қырғыздарға қашанғы күніміз қарайды?

0 289

– Бағаны көтеріп тұрған ТМД мемлекеттерінен жеткізілетін шикізат құны болып тұр. Ал импорттық тариф саясатына біз араласа алмаймыз. Бұл – мемлекетаралық қаралатын мәселе, – дейді Әділ Түсіпов.
Негізі Луговой телімаралық станциясынан кейінгі 36,39 разъезд, Мунке, Меркі, Шалдавар станциялары толықтай Қырғызстан теміржолына қарайды. Ұзындығы – 41 шақырым. Меркі станциясынан «Бішкек – Мәскеу», «Бішкек – Новокузнецк» және «Бішкек – Казань» жолаушылар пойызы өтеді. «Қырғызстан теміржолы» Меркі станциясының бастығы Мақсатбек Шірікбаевтың айтуынша, мұнда тәулігіне екі, кейде бес жүк пойызы жүреді екен. Ал станцияда 20 адам жұмыс жасайтын болса, олардың айлық жалақысы да «Қырғызстан теміржолы» мекемесінен беріледі.
– Жалақымыз Қырғыз елінен төленетіндіктен, қазақстандық өзге станция жұмысшыларынан екі есеге дейін аз аламыз. Оған қоса Меркі вокзалының жағдайы мүшкіл күйде тұр. Нысанға жөндеу жұмыстарын қырғыздар жүргізуі қажет. Күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынатындығы талай жылдан бері айтылып келе жатқанымен, әлі іске асқан жоқ. Биыл күзде ғимаратты ең болмаса ағымдағы жөндеуден өткізу туралы ұсынысымызды жеткіздік. Бірақ шекарадан құрылыс материалдарын алып өту қиын болғалы тұр. Бұл мәселені осы күзгі комиссия отырысында көтерсек деп отырмыз, – дейді Мақсатбек Шірікбаев.
Міне, осылайша Қазақстан жерінде тұрып, қырғызға күні қараған кәсіпкерлер мен теміржолшылар жанайқайын білдіруде. Бірі тариф мәселесін көтерсе, енді екіншісі жалақыны өсіру мен вокзал ғимаратын жөндеп беруді сұрауда.
Бір қызығы, тасымалдау құнынан бастап, жұмысшылардың жалақысына дейін бақылап отырған «Қырғызстан теміржолы» мекемесі өздеріне қарасты теміржол станциясында қандай да болмасын қылмыс орын алатын болса, оған жауапты болмайды екен. Мұндай құқықтық бұзушылық қазақстандық мамандардың жауапкершілігіне жүктелмек. Енді бұл қаншалықты әділетті? Бұл мәселені құзырлы органдар сүзгіден өткізеді деп сенеміз. Сондай-ақ тариф құнына Үкімет үйіндегілер үңіліп, екі жаққа да тиімді шешім табады дегенге үміт зор.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.