Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тастақтың» жолдары тақтайдай тегіс болады

0 225

Қазір қаланың кез келген аумағына барсаңыз – жол жөндеу жұмыстарын көзіңіз шалады. Әсіресе шаһардың шалғай аумақтарындағы жол құрылысы қарқынды.

«Тастақ» тұрғын алқабындағы тұрғындар бұған дейін жол азабын тартып келген. Биыл сәтін салып алқаптағы бірнеше көшеге асфальт төселіп жатыр. Алатау және Алатау көшесінің 1-ші бұрылысы (№27 үйден Пригород бұрылысына дейін), Төңкеріс көшелеріндегі (1 шақырым 520 метр) орташа жол жөндеу жұмыстарын «КАТСА» ЖШС жүргізсе, Алатау көшесінің 1-ші бұрылысы (мешіттен №27 үйге дейін), Жанболатов көшесінің тұйығы (Алатау көшесі, 2-ші бұрылысынан №10 үйге дейін) және Пригородный көшесінің бұрылысын (1 шақырым 520 метр) «B GRASS» ЖШС орташа жөндеуден өткізуде.
Қазір «КАТСА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мердігерлігімен қолға алынған жол жөндеу аумақтарында асфальт жабындысы төселуде. Ал «B GRASS» ЖШС-не тиесілі көшелерде жол негіздемесі дайындалуда. Енді бірер күнде асфальт жабындысы төселеді деп жоспарлануда.

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.