Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда жаяу жүргіншілер жолы салынуда

0 351

Бүгінде көне шаһар Тараздың көкжиегі кеңейіп, аумағы ұлғайып келеді. Соған орай көлік қозғалысы да көбеюде. Әрине, бұл өз кезегінде тақтайдай тегіс жолдарға деген қажеттілікті арттырады. Осы мақсатта облыс орталығындағы жолдарды жөндеуге ерекше көңіл бөлінуде. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолын салу да назардан тыс қалмауда.

Айталық, қазіргі таңда қалада «КАТСА» ЖШС-нің мердігерлігімен Жүргенов және Братская көшелерінде жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Ұзындығы 1 шақырым 253 метрді құрайтын құрылыс аумағындағы Братская көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолына толықтай асфальт төселген. Сондай-ақ Желтоқсан (Төле би даңғылы мен Сүлейменов көшесіне дейін) мен Иманәлиев көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолы да пайдалануға берілді (мердігер – «B-grass»).
Ал Фресно көшесінің 9, 11, 15-ші бұрылыстары, «Мыңбұлақ» ықшам- ауданындағы №40 үй мен Шостакович көшесіне дейін және Шостакович көшесінен №41 мектепке дейінгі жаяу жүргіншілер жолы орташа жөндеуден өткізілуде. Ұзындығы екі шақырымға жақын жаяу жүргіншілер жолының құрылысын «Ерасыл-Құрылыс 2013» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.
Бұдан бөлек, енді бірер күнде Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы мен №45 бөбекжай-бақшасы маңындағы және Қосанов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолы да жаңа кейіпке еніп, орташа жөндеуден өтпек.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.