Қалалық қоғамдық-саяси газет

Белгілі күйші Әбдімомын Желдібаев өмірден өтті

0 838

Белгілі күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаев 90 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанғазы Ахмет жеткізді.

Жанғазы Ахметтің Facebook парақшасында жазуынша, облыс әкімі Әбдімомын Желдібаев отбасына көңіл айтқан.

«Белгілі күйші-композитор, бірегей тұлға, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Әбдімомын Желдібаев ағамыздың қазасын күйзеліспен қабылдадым. Ардақты ағамыздың отбасына, барша жақындарына көңіл айтамын. Абыз ағамыздың шаңырағында болып, ақ батасын алған едік. Сол кезде тұлғаның биік парасат-пайымы, айрықша болмысымен жақынырақ танысудың сәті түскен болатын», – делінген жазбада.

Айта кетейік, күйші-композитордың «Ерке сылқым», «Көкшолақ», «Жамбыл баба жыр толғайды», «Тұран елі», «Төле би толғауы», «Сұңқар сезім», «Жетісу сазы», «Бозжігіт», «Әулиеата» және тағы басқа күйлердің авторы.

nur.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.