Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздағы NIS оқушылары грант иегері атанды

0 498

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон және 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды.

Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген.

Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, бұл латын тілінен аударғанда «білімге жол» дегенді білдіреді.

Зарифжон халықаралық республикалық жобалардың, желілік байқаулардың жеңімпазы. Ал Арсен “Dos group” еріктілер клубының басшысы/президенті, және Өзін-өзі басқару ұйымының спорт және сыртқы істер министрі. Сондай-ақ көптеген пәндік олимпиадалардың, жүлдегері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.