Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда тұрғын үйлердегі лифттер ауыстырылуда

0 496

Қаладағы лифт шаруашылығы – көпқабатты үйлердің тұрғындарына да, жергілікті атқарушы мекемеге де үнемі қиындық туғызатын жауапты саланың бірі. Ескірген жабдық жиі істен шығып, тиісті техникалық қызмет көрсетілмейді. Осыған орай тұрғындар тарапынан да жиі шағым түсуде.

Жалпы, Тараз қаласы аумағында көппәтерлі тұрғын үйлерде жалпы 58 лифт орналасқан. Оның ішінде Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің теңгерімінде 29 жеделсаты тіркелген. Осы тұста ерекше атап өтерлігі, бөлім теңгеріміндегі лифттер Беларусь еліндегі «МогилевЛифтМаш» зауытынан шыққан және қазіргі таңда өндірістен алынып тасталған ескі үлгілер. Олардың пайдалануға берілген мерзімі 2009-2010 жылдар аралығы, жалпы қызмет ету мерзімі 25 жылды құрайды.

Бүгінгі күні бөлімнің теңгеріміндегі 29 лифттің тозығы жетсе, 27-сі ауыстыруды қажет етеді. Осы мәселеге әкімдік тарапынан айрықша көңіл бөлініп, ағымдағы жылы 88,2 млн. теңгеге тозығы жеткен 6 дана лифт «ТаразЛифтСервис» ЖШС-нің мердігерлігімен ауыстырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар келер жылы да өз жалғасын таппақ.

Айталық, 2024 жылы 10 дана, 2025 жылы 11 жеделсатыны ауыстыру жоспарлануда. Осылайша, шаһардағы тұрғын үйлердегі лифтілер жаңаша кейіпке енбек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.