Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қоғам қайраткеріне құрмет

0 688

Саналы ғұмырын облысымыздың дамуына арнаған Амангелді Момышевтің есімі көпшілікке жақсы таныс. Оның мемлекеттік қызметтегі еселі еңбегі әлі күнге жұрт жадында. Абырой асқарындағы азамат күні кеше 80 жасқа толды. Соған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қоғам қайраткерінің шаңырағына арнайы барып, мерейтойымен құттықтады.

– Сіз мемлекеттік қызметтің сан түрлі сатысынан өтіп, бар тәжірибеңізді өңіріміздің өркендеуіне бағыттадыңыз. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметінде өңіріміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосып, бар қажыр-қайратыңызды жұмсадыңыз. Соның арқасында Әулиеата өңірі жаңа биіктерге құлаш ұрып, толағай табыстарға қол жеткізді. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымының депутаты ретінде Жамбыл облысының өзекті мәселелерін биік мінберден көтеріп, оңынан шешілуіне атсалыстыңыз. Осылайша билік пен бұқараның арасына алтын көпір орнатып, халықтың ықыласына бөлендіңіз. Зейнет демалысына шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстан қол үзбей, ілкімді істер мен баянды бастамалардың басынан табылып келесіз, – деген шаһар басшысы мерейтой иесіне сый-сияпаттарын ұсынды.
Амангелді Аршабайұлы өз кезегінде қала әкіміне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.