Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда қоғамдық көліктердің саны артады

0 408

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс кестесінен тыс, таңертеңгілік уақытта Тараз қаласындағы бірқатар бағыттардаға қоғамдық көліктердің мәселесімен танысты.
Бурыл алқабынан «Ұлы дала» (15) шағын ауданына дейін төрт аялдамадан автобустарға мініп, жолаушылардың өтініш-пікірлерін тыңдаған аймақ басшысы кейбір бағыттарда уақыт жиілігін арттыру қажеттілігіне көз жеткізді.
№ 23, 8, 12, 55 маршруттармен жүріп көрген Ербол Қарашөкеев тұрғындардың өтініше сәйкес, қала басшылығына бір ай ішінде қоғамдық көліктердің аралық жүру жылдамдығын қысқартуды тапсырды.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін 60 жаңа автобус сатып алуды жүктеді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Тараз қаласында 9 тасымалдаушы мекеме 37 бағыт бойынша күнделікті 350 бірлік автобуспен қызмет көрсетуде.
Жолаушылар көлігі тасымалын жандандыру, жетілдіру және тұрғындарды жолаушы көлігімен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленген. Сол жоспарға сәйкес, 3 жыл көлемінде 120 аялдама орнату, аялдамаларға 90 бірлік жарық диодты цифрлық таблолар қою, кемінде 200 бірлік автобустар сатып алу, жаңа 15 жолаушылар бағыттарын ашу, күнделікті қызмет көрсететін автобустар саның 460-қа дейін арттыру жоспарлануда.
Аталған жоспарды іске асыру аясында ағымдағы жылы 42 аялдама, 9 бірлік жарық диодты таблолар орнатылып, 4 маршрут ашылып қызмет көрсетуді бастады және бұған дейін 38 бірлік жаңа автобустар жеткізілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.