Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласында сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктілігі арттырылуда

0 218

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы науқанын әзірлеу мен өткізу ҚР заңнама талаптары мен арнайы бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда.

Тараз қалалық сайлау комиссиясының құрамы 7 адамнан тұрады.
Тараз қалалық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша қалада 27 сайлау округі жұмыс жасауда. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 2023 жылдың 25 қаңтарында «Jambyl-Taraz» қалалық қоғамдық-саяси газетінде Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының және Тараз қалалық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамдары, сондай-ақ Тараз қалалық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары мен округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы жарияланды.
2023 жылдың 27 қаңтарында «Jambyl-Taraz» қалалық қоғамдық-саяси газетінде Тараз қалалық 131 сайлау учаскесінің шекаралары мен ондағы комиссия құрамдары жарияланды.
Азаматтар жедел ақпарат алу үшін Тараз қалалық әкімдігінде Call-орталығы 8 (7262) 45-17-71, 8 (7262) 45-48-14 телефон нөмірлері арқылы жұмыс жасап тұр. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» газетінде және әлеуметтік желіде 25.01.2023 жылы жарияланды. Орталықтағы кезекшілікке 3 маман тартылған.
Сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында Тараз қалалық сайлау комиссиясының ұйымдастырумен 2023 жылы 27 қаңтарда Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша №15 сайлау округінде «Іскерлік ойыны» тренингі өткізілді. Тренингке қалалық сайлау комиссиясының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттар сайлау бойынша №15 округтік комиссиясының мүшелері, сондай-ақ Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша 7 округтік комиссияларының төраға/төрайымдары мен хатшылары, яғни барлығы 22 адам қатысты.
Тренингте қалалық сайлау комиссиясынан А.Асқарбеков түсіндіру жұмысын жүргізді, Ж.Пәрімбеков арнайы алгоритм жасап, таныстырды және №15 оругтен Ж.Сембекова іскерлік ойындарын көрсетті.
Қазіргі таңда «Іскерлік ойыны» тренингі қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 27 округтік комиссия мүшелеріне де арналып өткізілуде.

Арын Асқарбеков,
Тараз қалалық сайлау комиссиясының төрағасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.