Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразға тағы 20 автобус келді

0 3  783

Тараз қаласы әкімі шаһардағы қоғамдық көліктерді жаңарту жұмысын басты назарға алып, автопарк жетекшілеріне жан-жақты қолдау көрсетуде. Ержан Жылқыбаев көпке уәде еткендей, Таразға тағы 20 жаңа автобус келді.

Қоғамдық көлік «ӘулиеаТрансПас» ЖШС-не тиесілі. Естеріңізге сала кетейік, бұға дейін де аталған автопарк жаңа 10 автобуспен толыққан еді. Ал бүгін жеткен қоғамдық көліктер 1 мамырдан бастап №19 маршрутта қатынайды. Тағы бір жағымды жаңалық, 9 мамырдан бастап 19 бен 37 маршрут бірігіп, «Шалғай Қарасу» жаңа бағыты іске қосылады.
Жаңа көліктердің сыйымдылығы үлкен. «Yutong» маркалы автобустар заманауи әрі соңғы үлгіде жабдықталған. Мұнда жолаушылар үшін бейнебақылау орнатылған, желдеткіш және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустар да бар. Тағы бір ерекшелігі – бұл автобустардан түтін көп бөлінбейді, экологиялық таза болып табылады. Бір көліктің құны – 38 миллион теңге.
Автопарк басшысы мемлекет тарапынан қолдаулар жалғаса берсе, алдағы уақытта тағы да жаңа автокөлік әкелуге ниетті екенін жеткізді.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.