Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таластықтар табыстың көзін таба біледі

0 164

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жергілікті әкімдіктерге қойылып отырған бірінші талап – кәсіпкерлікті дамытып, жұмыс орындарын ашу, жергілікті салық базасын ұлғайту және қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтау. Өңірде кәсіпкерлік саласын дамытуда бірқатар шаралар атқарылуда. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар да бар. Орта және шағын бизнестің дамуына қолдау ретінде түрлі бағдарламалар іске қосылып, нәтижесін беруде. Яғни, кәсіпкерлік көкжиегінің кеңеюі жұмыссыздық мәселесінің оң шешілуіне ықпал етіп келеді.

Осыған орай, Талас ауданында 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен 2784  субъектісі тіркелген (2021 жылы 2694), олардың 181 шағын-орта кәсіпорын (2021 жылы 174), 1753 дара кәсіпкер (2021 жылы 1658) және 850 шаруа қожалықтар (2021 жылы 862). Осы тіркелген субъектілердің 2261 немесе 81,2 пайызы жұмыс істейді (2021 жылы 2139 немесе 79,4). Талдайтын болсақ, жұмыс істейтіндер 2261 (2021 жылы 2139),  130 шағын кәсіпорын (2021 жылы 121), 1328 дара кәсіпкер  (2021 жылы 1217)  және 803 шаруа қожалықтар (2021 жылы 801).

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында адам саны 2021 жылдың 1 қаңтарына 3822 (2019 жылы 3761) адам  оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 797 адам, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 0 адам, дара кәсіпкерлікте 1707 адам және шаруа қожалығында 1179 адам жұмыспен қамтылғандар.

 Ағымдағы жылы 2021 жылдың 01 қаңтарына ШОК субъектілерімен өнім шығарылымы 16057,0 (2019 жылы 6652) млн тенге, оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 11244,0 млн тенге, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 0 млн теңге, дара кәсіпкерлер 1021,0 млн теңге және шаруа қожалықтар 3792 млн теңге.

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі болжаммен 11068,6 млн теңгені құрайды, яғни өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда (2021 жылы-9714,2 теңге), өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 1354,4 млн.теңгеге артық немесе 113,9 %-ға орындалады. Нақты көлем индексі 100,1 пайыз.

2021 жылдың қаңтар-мамыр айларына аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9714,2 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,1 %-ды құраған.

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында өңдеу өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6255,2 млн теңгені құрады, яғни өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда (2021 жылы-7768,2 теңге), өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 1513,0 млн.теңгеге кем немесе 80,5 %-ға орындалады.

Аудан бойынша кәсіпорындар арасында  еңбек жанжалдарын, даулар мен шиеленістерін болдырмауға бағытталған шаралар қабылдау бойынша тиісті түсінік беру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорындар  арасында айлық жалақы бойынша жұмысшылар алдында қарыз жоқ.

Жыл басынан бері кәсіпорындарда және жеке кәсіпкерлер жалақы 7-10 пайыз аралығында көтерілді. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап «Talas Investment Company» ЖШС-і, «Амангелді газ» ЖШС, «Құрылыс Жанар» ЖШС, «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-і және «Қаратау-ПРО» ЖШС-і барлық жұмысшыларға айлық жалақысын 7 %-ға, «Казфосфат» ЖШС-нің филиалы «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені  10 %-ға,   ЖК «Т.Дуамбеков» 20 %-ға,  ЖК «Ж.Төремұратова» және  ЖК «М.Сергабаев» 15 %-ға көтерілген.

Қалған кәсіпорындарда 2022 жылы ең төмеңгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) 42500 теңгеден 60000 теңгеге өсуіне байланысты, тиісті мөлшерде көтерілген.

Кәсіпорындарды талдайтын болсақ; «Талас Инвестмент Компании» ЖШС-і ЖШС 4042 (2021 жылы 6080) тонна цианид натрий және 1230 (2021жылы 1698) тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 4734,438 млн тенгені (2021 жылы 6574,545) құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 1840,107 млн тенгеге кем,орындалғаны 72,0 пайыз, ал заттай цианид натрий 2038 тоннаға кем орындалды.

Себебі; Зауытқа керекті амиак шикізатына байланысты болып отыр. Айына зауытқа 800-1000 тонна аралығында амиак керек болса, ал алынып отырған амиак 325-544 тонна аралығында болып отыр. Негізгі амиакты жеткізушілері «Казазот» АҚ.

«Талас Инвестмент Компании» ЖШС-мен экспортқа 5 айда цианид натрий 2100 тонна жіберілді, ақшалай 3319 млн.теңгені құрады. Ол жалпы өндірілген өнімнің 52% құрап, Тәжікстан Республикасына және Монголияға экспортталды.

«Жамбыл недр» ЖШС  ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында 15500 тонна әк тасын өндіріп, ақшалай 54,679  млн тенгені (2021 жылы 0) құрады.

«Қаратау Про» ЖШС 1140 (2021 жылы 1794) тонна карбонат кальций, 28600 (2021жылы 32443) тонна мәрмәр ұнтағын, ақшалай 343,098 млн тенгені (2021 жылы 277,619) құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 65,479 млн тенгеге немесе  23,6 %-ға артық, ал заттай мәрмәр ұнтағы 3843 тоннаға кем орындалды.

 «Амангелді газ» ЖШС 66,1 (2021 жылы 43,9) млн текше метр табиғи газ және 3,4 (2021 жылы 2,4) мың тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 4166,6 млн тенгені (2021 жылы 1672,9) құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық орындалды.

«Шолақтау» ЖШС  23,4 (2021 жылы 23,3) мың тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда 100,4 пайызға орындалды.

«Амангелді ГӨЗ» ЖШС 1,2 (2021 жылы 0,8) мың тонна газ, 2,7 (2021 жылы 1,6) мың тонна дистялятор өндіріп, ақшалай 525,9 млн тенгені (2021 жылы 189,6) құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық орындалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.